ЖКХ

Жаяу жүргіншілер жолының айнадай болып жалтырап жатқанына халық наразы

Биылғы жылы Қостанайда қысқы ауа-райы өте құбылмалы болды, аязды күндер, ал одан кейін тағы да қалың қар жауды. Табиғатта ауа-райының қолайсыздығы жоқ, бірақ жаяу жүргіншілерге мұзды жермен жүру оңай емес және қауіпті. Өткен екі апта бойы жаяу жүргіншілер жолы көк мұзға айналып қауіпсіз жүру тіптен оңайға соқпады.

Тұрғындар қала көшелерінің тротуарлары өте тайғақ әлі биылғы жылы қардан да керемет тап-таза етіліп тазартылмағанын айтып шағымдануда. Сонымен қатар ойдым-ойдым жерлермен жаяу жүрудің өзі тайғақ күдері оңай емес. Қыс бойы бір-екі рет қана жолдарға құм мен тұз себілгенін көрдік. Басқа уақытта жаяу жүргіншілер жолы айнадай болып жалтырап жатты дейді көпшілік.

– Мен кейбір орталық көшелердің қоспамен себілгенін бір-екі күн бұрын ғана көрдім, ал кейбіреулері әлі жалтырап жатыр. Мүмкін, әрине, коммуналдық қызметкерлердің уақыты жоқ шығар, мүмкін олардың жұмыс кестесі бар шығар. Мен қазірдің өзінде тайғақ емес аяқ киім киюге тырысамын, бірақ мен қандай аяқ киім кисем де, жаяу жүргіншілер жолымен алаңсыз жүру мүмкін емес, – дейді Аэропорт шағын ауданының жергілікті тұрғыны Батима Аюпова.

Былтырғы жылы көшелер мен жалпы пайдаланымдағы орындарды ағымдағы ұстауға бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Осы сомадан мердігер ұйымдар тазалау мен сыпыруға, таңбалауға, ағаш отырғызуға, техниканы ұстауға, қызметкерлердің жалақысына қаражат жұмсайды. Сонымен қатар, ТКШ бөлімі қызмет көрсететін ұйымдарға ұсынатын техникалық сипаттамада қаланың қысқы күтіміне қатысты жеке бөлім бар. Жұмыс тізімі қарды тазартудың екі түрін қамтиды: механикаландырылған және қолмен. Әрқайсысы үшін орындалу жиілігі анықталған.

Қостанай бес аумаққа бөлінген және оған төрт мердігер ұйым жауапты. Мысалы КЖБИ, Маяковский, Қайырбеков, Амангелді көшелері мен «Дружба», «Қонай» және «Ударник» аумақтарына “Конгломерат.KZ” ЖШС қызмет көрсетеді.

– Біз қаланы күтіп ұстаумен ғана емес, жолдарды жөндеумен де айналысатындықтан, бізде машиналар жеткілікті. Шамамен 70 бірлік-тракторлар, тиегіштер бар. Құм-тұз қоспасының қоры өткен жылдан бастап бар, жаңа жылға дейін бізде жеткілікті болды. Енді қосымша 300 тоннаға шарт жасалды, – деді “АБЗ плюс” ЖШС.

Мердігер ұйымдар бұған дейін де қысқы тазарту жұмыстарына сақадай сай екенін айтқан болатын. Дегенменен, халық биылғы жылы жаяу жүргіншілер жолы жылдағыдан нашар тазартылып, көктайғаққа қарсы қоспалардың да уақылы себілмей келетініне наразы.

Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77