COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102064

Выздоровевших

107374

Зарегистрированных случаев

3468

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Жаяу жүру күнделікті дағдысына айналды

немесе көркем мінезді Нұрғали Бәкірдиновтің асыл қасиеттері жайлы


Тұла бойы тұнған дарын

Бұл ағамызды Қостанай өңірінде білмейтіндер жоқ десе де болады. Өзі ғұмыр бойы қаржы саласында жұмыс істеді. Сыртқы келбеті келісті,жан дүниесі көркем ағамызды зиялы қауым өкілдері өздеріне үлгі тұтады.

Өйткені, ол кісі шындап қолға алса, бәлкім одан жақсы қаламгер де шығарма еді. Бірақ жоғарыда айтқанымыздай, қаржыгерлік кәсіпті таңдады. Ол кісі кезінде бұрынғы Торғай облысының орталығы Арқалық шаһарында да банк саласында қызмет атқарды.

Қайда жүрсе де абыройлы да беделді болды. Қостанай шаһарына қоныс аударып, осында бірқатар ұжымдарда басшылық лауазымдарда өзін қолынан іс келетін білікті маман екенін көрсетті.

Нұрғали ағамыз соңғы жылдары салауатты өмір салтын ұстанып жүргенін де естідік. Сұрастырып білсек, жүрегі жомарт азамат таңертең ерте тұрып, орталық саябақта жаяу жүруді дағдыға айналдырыпты.

Ағамыздың айтуына қарағанда, жалпы жаяу жүрудің адам ағзасына тигізер пайдасы өте зор. Себебі, таңертеңгі кәусар ауаны құштарлана жұтқан адам күні бойы сергек болады.

Күнделікті қызметін де жемісті атқарып, шаршап-шалдығу дегенді мүлдем білмейді. Әріптестері де оның салмақты мінезін, нені болса да жеті рет өлшеп барып шешетін тапқырлығын жоғары қояды.

– Таңертең ояну, әрине, кейбіреулерге қиын болар, мен оған әбден үйренгенмін. Өйткені, таңертеңгі ауа кімге болсын ерекше жігер беретіндігіне өткен күндері көзім айқын жетті. Содан соң табиғаттың жауынды-шашынды болғандығына да қарамаймын. Егер бір күн шықпай қалсам, өзімді біртүрлі сезінемін. Сондықтан мүмкіндігі болғанша аптаның барлық күндерін босқа жібергім келмейді, – дейді Нұрғали Бәкірдинов ағамыз жан сырын ақтарып.

Нұрғали аға өте мәдениетті, кімге болсын өзінің туған бауырындай ерекше мейірімділік танытады. Ол үшін адал да пейілі кең кісілер туғандарынан кем емес.

Содан соң тағы бір ерекше қасиеті ешқашан да ешкімді жүзге, руға бөлу дегенді білмейді. Сондықтан да шығар, оның достары мен әріптестерінің алдындағы беделі өте жоғары.

Оған салауатты өмір салты жайлы сауал қоятындар да, ақыл- кеңес сұрайтындар да жетеді. Мұның берер жауабы да әрқашан дайын. Ең бастысы, қиындықтан қашпау, төзімділік пен шыдамдылық таныту қажет деген түйінге келеді.

Шыныққан кісі шымыр болады

Кейіпкерімізге Қостанай қазіргі таңда өзінің туған жеріндей болып кетті. Ол негізі көкөрай шалғынды, адамдары ізетті, қонақжай болып келетін Жамбыл облысының Қордай ауданында дүниге келген.

Мектепте зерек шәкірттің бірі болған Нұрғали Бәкірдинов өзінің таңдаған жоғарғы оқу орнына түсіп, армандаған мамандығын да жетік меңгеріп шықты.

Ол негізі көп балалы отбасында тәрбиеленді. Мынау тіршілікте бірдеңеге қолы жетіп, абыройға бөленсе, өзіне жарық дүние сыйлап, кішкентайынан парасаттылыққа баулыған ата-анасының арқасы деп түсінеді.

Жер бетінде ата-анаңнан артық кім болушы еді. Жылда кіндік қаны тамған ауылына барып, өмірден өткен туған-туысқандарына Құран оқытып отыруды өзінің басты азаматтық парызым деп есептейді.

Жалпы, ер азамат жар таңдау мен мамандық таңдауда қателеспеуі керек деген пікір бар. Бұл орынды айтылған сөз. Нұрғали аға өмірге деген қөзқарастары сай келетін Еркеш есімді Қостанайдың аруымен көңілі жарасып, жеке шаңырақ көтерді.

Содан бері арада қаншама жылдар өтті. Екеуі қос перзент сүйді. Осыдан біраз жыл бұрын ұлы Алмас Оңтүстік өңірдің қызына үйленіп, әке-шешесіне немере сүйгізді.

Жеңгеміз Еркеш қазақтың барлық асыл қасиеттерін бір бойына сіңірген аяулы жан. Ол кісінің дайындаған тағамдары да тіл үйіреді. Қордайдың сүйікті келіні атанды. Өзі Қарабалық өңірінің қызы.

Немере балдан да тәтті деген рас екен. Кейіпкеріміз күнделікті жұмыстан кейін үйіне қарай асығады. Себебі, оны сүйікті немересі күтіп отырады.

Соның маңдайынан сүйіп, иіскегенде шаршағанын да тез ұмытып кетеді. Ол да атасының мойынына асылып, күні бойы көргені мен балабақшада үйренгендерін айтып, жаттаған тақпақтарын қайталайды.

Міне, бүгін де Нұрғали аға орнынан ерте тұрды. Терезеден сыртқа қараса, әлі қараңғы екен, содан дереу киінді де сыртқа шығып, орталық саябаққа қарай бағыт ұстады.

Сол өзінің үйреншікті жеріне келіп, қадамын барынша жиілетті. Осы кезде басқа да кісілер көрінді.

Оның пайымдауынша, жаяу жүрудің денсаулыққа тигізер пайдасы айрықша. Әрдайым өзін бірқалыпты режимде ұстайтын кісінің бойы да тік, ойы да сергек болады.

Айналасындағы түрлі биші аққайыңдар мен ағаштардың өзі көктем кезінде бүршік жарып, көңіл-күйге ерекше әсер етеді. Өйткені, бұл кезде жан-жауарлар да оянып, дүниенің бәрі де құлпыра түседі.

Ал жадыраған жаздың жөні бір басқа. Жүріп келе жатқаныңда жан-жағыңдағы хош иісті әсем гүлдер көздің жауын алады. Солардың бәрі айрықша әсер етіп, сұлулық әлеміне жетелейді.
Міне, салауатты өмір салтын берік ұстанған ардақты ағамыз Нұрғали Бәкірдинов осындай сымбатты да көкірегі шежіреге толы зиялы азамат десек асыра айтқанымыз болмас.

Сағыныш Ибрагим


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77