Новости События

Жайдарман: Еріктілер жылына арналды

Қостанайда Жайдарман ойынының 1/8 финалы өтті

Қостанайда Республикалық ашық лига Жайдарман ойынының 1/8 финалы өтті. Жайдарман «Текстильщиков» мәдениет үйінде болды. Онда командалардың жанкүйерлері мен жайдарман сүйер жайдарлы жастар жиналды. Ойын «Сәлемдесу», «Көрініс» сынды екі сайыстан тұрды.

– Жайдарман ойыны Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының облыстық жастар ресурстық орталығының тапсырысымен, «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтуде. Бұл ойын жайдарманшылар арасында Жоғарғы лига деп аталғанымен, негізі Республикалық ашық чемпионат болып саналады. Себебі, республика аумағынан келіп ойынға қатынасатын командалар бар. Осы жолы лиганың атауын да, форматын да барынша өзгертуге тырысудамыз. Жоғары лигада ойнайтын командаларды да, жергілікті чемпионатқа қатыстырып жатырмыз. Ондай қадамға барған себебіміз, олар ойын деңгейін көтеріп, көрерменнің қызығушылығын арттырып, жас командаларға тәжірибе алмасуға тиімді болып отыр, – дейді Қостанай КВН филиалының директоры, Жайдарман ойындарының жүргізушісі Марғұлан Бәкір.

Марғұлан Абдоллаұлының айтуынша, осы жолғы ойынға 15 команда тіркелген, алайда тек 8-і қатысып отыр, өзге командалар белгілі себептермен келе алмаған.
Петропавл қаласынан М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бес жаңалық» командасы осы ойынға тыңғылықты дайындалғандарын айтады.

– Қостанайда өтетін 1/8 ойынына үш жұмадай уақыт жұмадық. Қолымыздан келгенше барлық мәселерлерді қамтуға тырыстық. Бүгінгі ойын жақсы өтеті деген сенімдеміз. Халықты шынайы күлдіртуге тырысамыз. Жуырда, Нұр-Сұлтан қаласында өткен маусымашар ойынына қатысып, ол жақтан жолдама алған болатынбыз. Қостанай ашық лигасы біз үшін үлкен тәжірибе болғалы тұр, – дейді команда ойыншысы Азат Құрмаш.

Сонымен қатар, Павлодар қаласынан да «Ұстаз Live» командасы келіп қатысты.

– Біз Павлодар қаласы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ұстаздар құрамасымыз. Жалпы бізге аталмыш оқу орын қолдау көрсетеді. Жақында Нұр-Сұлтан қаласында өткен маусымашар ойынына қатысып келдік, бәрі жақсы болды. Бұл біздің республикалық деңгейдегі алғашқы ойынымыз еді. Біз үшін Қостанай жоғары лигасы мектеп болып саналады, – «Ұстаз Live» командасының капитаны Ернар Камал.

Нәтижесінде, сайыс соңында әділ-қазылардың шешімімен Республикалық Қостанай супер лигасының 1/4 финал ойынына 8 команданың сегізі де жіберілді. Ал, 1/8 ойының жеңімпазы «Дарын интеллектуал» құрамасы болды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77