Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамдары Әсет Жарылғасын мен Нұрлан Сейдағалиевтер барлық жамағатты спортпен шұғылдануға шақырып қана қоймайды, өздері де үлгі-өнеге көрсетуде
Шаһардағы құрылыс колледжінің ұжымы көп жылдардан бері жамағаттар арасында волейбол ойындарын өткізу үшін спортзалдарын ұсынып келеді. Әр екі ай сайын Қостанай қаласы мен оған жақын жерде орналасқан қалалар мен поселкелер мешіттері арасында турнир ұйымдастыруда. Ойындарға жауапты -Әсет Жарылғасын.
«Жайлаубай ата» қалалық мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиев екінші жыл қатарынан бразилиялық джиу-джитсу спортымен айналыса отырып, дүйім жұртты осынау күрделі спорт түрімен шұғылдануға шақыруда. Қостанай шаһарының жамағаты «Qazaq Batyry» бразилиялық джиу-джитсу академиясында жаттығуда әрі олардың белгілі дәрежеде жетістіктері де баршылық.
Сонымен қатар, жұртшылық өз балаларын да секцияға қатыстыруда. Қазіргі таңда академиядағы спортпен шұғылданатын мұсылмандардың саны, шамамен, 15 адамды құрайды.Онда халықаралық деңгейдегі екі бапкер қатысушыларды жаттықтыруда.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77