Олар Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музейде болып, А.Байтұрсынұлының ескерткішіне тағзым етті
Таяуда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің жамағаты мен шәкірттері «Дархан Дала» жобасы аясында ұлы ағартушы, даңқты жерлесіміз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай оның есімі берілген Қостанай облыстық мемориалдық мұражайда болды.
Қайталанбас тұлғаның өткен мағыналы өмір жолы, халқына сіңірген ерекше еңбегімен жан-жақты танысты. Көп жайды көңілдеріне түйді. Мол мағлұматтар алды.
– Ұлтының жарқын болашағы үшін жан аямай күрескен ұлы тұлғалардың өмірі бізге өнеге. Олардың артында қалған бай мұрасын танып-білу баршаның парызы. Елім деген ерлердің өмірінен сабақ алуымыз қажет,-дейді «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері.
Жұртшылыққа үстіміздегі жылы ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толатыны белгілі. Осы айтулы мерейтой «ЮНЕСКО» көлемінде аталып өтпек.
Сондықтан аталмыш мешіт ұжымы мемориалдық мұражайдан кейін шаһарымыздағы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне тағзым етті. Мұндағы олардың алдына қойған басты мақсат – қазақ елінің жарқын болашағына адал қызмет етуге бүкіл саналы ғұмырларын арнаған бабаларымызға құрмет көрсету арқылы өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру еді.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77