Новости Социум

«Жаның ашыса жаныма кел!»

Ақын  Әсия Беркенова қазақ мектептері жабылайын деп жатыр деп елді шулатқан ақпарат иелеріне ұсыныс жолдап, өтініш білдірді

Қостанай қаласының орталығындағы №24а бастауыш мектебінің төңірегіндегі дау-дамай таусылар емес. Естеріңізде болса, осыдан бір апта бұрын 24а бастауыш мектебі Бородин көшесінде орналасқан бұрынғы кәсіби-техникалық колледждің ғимаратына көшіріледі дегенді естіп, ата-аналар наразылық білдірген болатын. Олар қала әкімі Қайрат Ахметовпен кездесіп, облыс әкімі мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына петиция жазды.

Мәселе мәселесімен, ал осы жағдайды бірінен бірі іле жөнелген, өтірік-шынын қоса жазған ақпарат құралдарының өкілдері шектен шығып, тіпті «Қостанай қаласындағы жалғыз мектеп жабылғалы жатыр»  деп әңгіме өрбітті. Осы жағдайды іштен біліп, басы қасында жүрген әйгілі айтыскер ақын Әсия Беркенова ел азаматтарын сабырға, осы жәйттің ақиқатын бірге іздеуге шақырды. Сонымен қатар, қаладағы 6 қазақ мектебі мен биыл ашылғалы жатқан 7-ші қазақ тіліндегі мектептің ғимараттарын аралап, бар шындыққа бірге көз жеткізуді ұсынды.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77