COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

101610

Выздоровевших

107134

Зарегистрированных случаев

3458

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1671

Летальных случаев

События

Жарқын бейнесі жадымызда сақталады

Журналист Бейсен Құранбектің халқына жасайтын жақсылығы әлі де көп еді

Қазақ журналистикасында өшпестей із қалдырған абзал жан, белгілі журналист Бейсен Құранбек дүниеден өтті. Оның өмірінің соңғы жылында қатерлі детпен күрескені барша қазақстандықтарға белгілі болса керек.

Ғұмыры қысқа болса да, журналист ретінде көптеген көмекке мұқтаж жандарға қолынан келгенше жәрдем берді. Оның адамгершілігін, парасаттылығын ол өмірден өткен кезде инстаграм, фейсбук сынды әлеуметтік желілерде өзін білетін жандар жарыса жазып жатты. Жаны жайсаң, пейілі кең асыл азаматтың отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтып, оның өмірде жасайтын жақсылығы әлі көп екенін тілге тиек еткендер қаншама. Алланың ісіне шара бар ма.

Елімізге белгілі дарынды әріптесіміз жайлы біз де азды-көпті ой толғағанды жөн көрдік.

Ол «Қазақстан» ұлттық арнасында «Айтуға оңай» бағдарламасының жүргізушісі ретінде елімізге кеңінен танылды. Бұл бағдарламаның алдына қойған мақсаты да ерекше болды. Мұнда көбінесе көмекке мұқтаж жандар студияға шақырылып, бағдарлама қызметкерлері тарапынан көп көмек алып жатты. Сондықтан да болар, «Айтуға оңай» бағдарламасымен бірге Бейсен Құранбектің есімі елге белгілі болды.
Бұл бағдарламаға еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, мұң-мұқтажын айтқан жандар қаншама. Олардың кейбіреулерін бағдарлама қызметкерлері өздері іздеп тауып алып жатты. Бірде осы бағдарламада Бейсен Құранбектің баласынан көз жазып қалған ананың перзентін тауып беріп, үлкен бақытқа кенелткеніннің куәгері болдық. Бағдарламының бұл саны өте әсерлі өтті. Сол кезде студияда отырғандарды айтпағанда, Қазақстанның әр аймағында теледидар арқылы тамашалаған жұртшылық еріксіз көзіне жас алды.

Міне, осылай халықтың жоғын жоқтап, әрдайым көмектесуге ұмтылған жанның бүгін ортамызда жоқ екені өкінішті. Осынау парасатты жанның қолдауын көргендердің қатарында жерлесіміз, «Үміт-Надежда» қорының мүшесі Гүлбану Илясова да бар.

Біз көрерменнің сүйіктісіне айналып, әр қазақтың жүрегіне мейірім ұялата білген әріптесіміз жайлы «Айтуға оңай» бағдарламасына барған жерлесіміз Гүлбану Илясовадан сұраған болатынбыз.

– «Айтуға оңай» бағдарламасының қызметкерлері маған өздері хабарласты. Бірінші үйіме келіп, мен жайында сюжет түсірді. Бұл 2015 жыл болатын. Кейін араға бір ай салып, қыстың қытымыр қаңтарында мен Алматы қаласындағы бағдарламаның студиясына бардым. Сонда осы бағдарламаның жүргізушісі Бейсен Құранбекпен кездестім.

Сөз саптауы ерекше, жылы шырайлы кісі екен. Мені республикалық «Айтуға оңай» бағдарламасының студиясына шығарып, алдында үйіме келіп түсірген сюжетті көрсетіп, бірнеше сұрақтар қойды. Сол бағдарламада мен Жанар Айжанованың орындауындағы «Достарым» әнін шырқадым. Ол кісі менің өнеріме тәнті болды.

Оның адамға жақсылық жасауға асығатын, абзал жан екенін бірден байқадым. Бағдарлама барысында менен сізге қандай көмек көрсетсек болады, көкейіңізде қандай өтінішіңіз бар деп сұрады. Мен сонда өзім қолөнермен айналысатынымды, түрлі көрпеше, дорба, қоржын тігетін тігін машинасын несиеге алғанымды айтып едім, сол студияда отырған эстрада әншісі Әйгерім Қалаубаеваның несиемді толық төлеп беруіне мұрындық болды. Осылайша мойнымдағы жүк біршама жеңілдеп қалды. Бұл азаматтықтың белгісі деп білемін. Елімізде осындай ақ көңіл, кең пейілді жанның шапағатын көрген жандар аз емес деп ойлаймын. Мен ол кісінің «Айтуға оңай» содан кейін «Қарекет» деп аталған әлеуметтік бағдарламаларын үзбей көретін едім. Сол бағдарламалар арқылы көптеген көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын бергенін де көрдім,-деді.

Халқының қамқоршысы бола білген білікті журналистің жарқын бейнесі ұмытылмақ емес. Ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ері қайдан болсын. Сондықтан халықтың көкейінде елім деген ері мәңгі сақталары хақ.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77