COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

106059

Выздоровевших

111100

Зарегистрированных случаев

3608

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1825

Летальных случаев

Культура Новости

«Жас өркен» республикалық балалар сыйлығы ұйымдастырылды

Онда еліміздің 29 дарынды балғындары марапатталды

Қостанай қаласында бірінші рет республикалық «Жас өркен» балалар сыйлығы ұйымдастырылды.

Бұл шараға еліміздің барлық аймақтарынан өнерлі, спортшы, суретші, ғылымда жетістіктері бар дарынды 29 бала арнайы шақырылды. Олардың ішінде Ресейдің «Голос Дети» шоуының финалисі Ержан Максим де болды.

Өңірімізге арнайы осы сыйлыққа шақырылған кішкентай талантқа облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Жыл таңдауы» номинациясы бойынша ерекше статуетканы табыс етті.

Ержан Максим кішкентайынан әнге құштар бала болып өскен. Ата-анасы оның бойындағы осы ерекше қасиетті ерте байқып, ұлдарының әншілік қабілетін ұштау мақсатында музыка мектебіне берген.

Бүгін де Ресей елінде өткен мәртебелі байқауда талантымен көпшілікті мойындатқан қазақтың қара домалақ баласын елімізден тыс өзге елдер де танып үлгерді.

Сондай-ақ аталмыш сыйлықта 5 талантты қостанайлық жеткіншектер де арнайы номинациялар бойынша марапатталды.  Олардың бірі Жансая Смаилова. Ол республикалық балалар сыйлығында «Ең үздік спортшы» номинация бойынша статуэткаға ие болды.

Жансая алғашында ағасының тоғызқұмалақ ойнап отырғанын көріп, қатты қызыққан. Кейін 1 сыныпқа барған соң өзі де  тоғызқұмалаққа ерекше ден қойып, тез меңгеріп алады. Бүгінде ол еліміздің атынан әлемнің тең жартысын аралап қайтқан көпке белгілі спортшы десек қателеспейміз.

Сонымен қатар қандай жарыс болмасын жеңімпаз болып келеді. Жансая тоғызқұмалақ ойнаудың адамның ойлау қабілетін жақсартып ғана қоймай төзімділікке, сабырлылыққа баулитынын айтады.

Осылай талантты балаларға тиісті құрмет көрсетілді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Фото – “Костанайские новости”


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77