COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102323

Выздоровевших

107529

Зарегистрированных случаев

3472

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Жас журналистердің тәлімгері

Ұлағатты ұстаз Амангелді Шөрентаев жайлы толғаныс


Мінезі көркем азамат

Еліміздің болашағы – қазіргі жас ұрпақ екені белгілі, ал сол келешек боз балалар мен бойжеткендердің қандай болатыны арамызда жүрген білікті ұстаздарға да байланысыты екендігіне өз басым кәміл сенемін.

Әлемдегі озық елдердің қатарына қосылып, мемлекетімізді дүниежүзіне танытатын тұлғаларды тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ететін ардақты ағаларымыздың бірі – Амангелді Шөрентаев дер едім.

« Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі шәкірттің ғұмырбойғы азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім – тәрбие алған жастар өмірде өз бақыттарын тауып, туған жері мен еліне адал қызмет етеді.

Елбасы әрдайым ұстаз қауымына ерекше құрметпен қарайды. Оның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында да жастарымыздың алға қойған мақсаттарының бірегейі білім алу, бәсекеге қабілетті маман атану екендігі жан-жақты айтылған.

Аса көрнекті тұлғаның ұлағатты сөзін басшылыққа алған жас журналистердің тәлімгері Амангелді Шөрентаев жайлы көптен бері тағылымды мақала жазсам деп жүретінмін. Соның орайы жақында ғана келді.

Әрдайым ақырын анық басатын ұстазымызға еліктеп, ертең жоғары білімді маман атансам, асыл ағамыздай азамат болсам деп еліктеп жүрген замандастарымызда жеткілікті.

Бұл күндері Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-Әлеуметтік факультетінің «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы болып істейтін тәлімгеріміз 1979 жылы 15 ақпанда Қостанай облысы, Әулиекөл ауданына қарасты Қазанбасы кеңшарында дүниеге келді.

Оның әкесі 40 жылдай ғұмырын шопандық кәсіпке арнады. Жыл онекі ай қой бағуда оңай емес, небір шауын-шашынды, боранды-аязды күндері кездескен қиындықтарға шыдас беріп, мал шаруашылығын өркендетуге айтарлықтай үлесін қосты.

Ал, шаңырақтың ырыс-берекесін келтіріп отырған аяулы анасы болса, отағасына көмекші ретінде оның жанынан табылып, қолынан келгенше қолқабыс етті. Ерлі-зайыптылар уақытпен санаспады. Өздерінің еңбекқорлығының арқасында айналасындағы жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді.

Жастайынан алғырлық танытты

Бұл киелі шаңырақта жеті бала өсті. Олардың бәрі де «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-аналарынан тағылымды тәрбие алды. Олардың қоғам байлығын еселеуге қосқан үлестерін көзбен көріп, көңілдеріне түйді.

Әрине, әр бала аке-шеше үшін ерекше ыстық. Сол перзенттерінің ең кенжесі бүгінгі әңгімеміздің арқауына айналып отыраған Амангелді ағамыз еді.

Алайда ол үйдің ең кенжесі екенміндеп еркелікке салынбады. Кішкентайынан саналы, парасатты азамат болуға тырысты. Ата-анасының бір сөзін екі етпеді. Тіл алғыштығымен көпшіліктің алғысына ие болды.

Ол жергілікті жердегі орта мектептің табалдырығын аттап, ә дегеннен өз қатарластарының сүйіктісі атанды. Сол кезден бастап оның бойындағы жазу-сызуға, яғни журналистика мамандығына деген талпынысы байқалды.

Өзінің мектеп оқушысы екендігіне қарамастан көркем әдебиетке деген құштарлығы ерекше -тін. Бозбаланың сөз өнеріне бейімділігін өзіне дәріс беріп жатқан ұстаздары мен сыныптастары байқады. Оның келешекте журналист әрі ғалым болып шығатындығына нық сенді.

Оның асыл арманы облыс орталығы Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне алып келді. Дәл сол кездері жоғары оқу орнындағы орыс филологиясы факультетінің құрамында журналистика кафедрасы ашылды.

Осылайша талапты жас аталмыш кафедраға алғашқылардың бірі ретінде студент болып қабылданды. Бұл мамандық белгілі ғалым Гүлнар Досқалиқызы Асанбаеваның ұйымдастыруымен есігін айқара ашқан -ды.

Талантты да ізденпаз студенттің ұлағатты ұстаздардан да жолы болды. Ол сол жылдары аты-жөндері күллі республикамызға танымал беделді қаламгерлер Серікбай Оспанов, Байтұрсын Ілияс, Нағашыбай Мұқатов, Ақылбек Шаяхмет сынды білікті мамандардан тиянақты дәріс алып, таңдаған кәсібін терең меңгеріп шығуға құлшыныс танытты.

Студенттік кезінде дарынды бозбала өзінің белсенділігімен, еңбекқорлығымен дараланды. Бұл күндері өміріндегі сол шуақты сәттерді ерекше сағынышпен еске алады.

Жылдар өте берді Амангелді Шөрентаев Жоғары оқу орнында «Қостанай университеті» атты студенттер газетінің қалыптасуына өзінің қомақты үлесін қосты. Осы басылымда ұстазымыздың «Заман-ай» деп аталатын өлеңі де жарық көрді. Бұл оның ақынжанды, поэзияны шексіз сүйетін дарын иесі екендігін де көрсетеді.

Есімі өңірге танымал азамат университетте жас журналистерге дәріс бере жүріп, «Регион – Медиа» жарнамалық агенттігінде, «Рассвет» радиосында аудармашы – редактор, диктор қызметтерін қоса атқарды.

Басқа да салаларда аброймен жұмыс істеді.

Ол, ғылым саласында да еңбектенді. Бұл күндері «Қазақстанның құқықтық журналистикасы: қалыптасу және даму үрдісі» деген тақырыпта тың ізденістер жасауда.

Оған алдағы уақытта тек биіктен көріне беріңіз ұлағатты ұстаз, ардақты асыл аға дегіміз келеді.

Сағыныш Ибрагим


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77