Жастар саясатын қаржыландыру 40%-ға ұлғайтылған
Аймағымызда жастар жылын іске асыру бекітілен өңірлік жол картасына сай жүргізілді.
Айталық, жастарды еңбекпен қамту, білім беруді және еріктілікті дамыту, жастардың әлеуметтік белсенділігін артыру, жас отбасын қолдау, денсаулығын әлеуметтік инклюзивтілікті қолдау шараллары қолға алынған.
Өткен жылы осы міндеттерді атқару үшін мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру 40%-дан астамға ұлғайып, 329,2 млн теңгені құраған. Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға 67,9 млн теңге бөлінген.
– Жастар жылының маңызды стартын Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан-Ресей жастарының форумын өткіздік, оған 1000-нан астам жас қатысты. Форум күндері делегация өкілдері еріктілер саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға қол қойды. Қазақстан-Ресей форумының ашылуы аясында жастарға қызмет көрсету орталығы мен жастар ресурстық орталықтары жұмысқа орналастыру, жастар кәсіпкерлігін дамыту, тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша 32 мыңнан астам жасқа кеңес берді, – дейді облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Марат Жұрқабаев.
Жалпы, жастар ресурстық орталығында жастарды іс-шараларға өткен жылы 237 мыңнан астам адамды қамтитын 2 042 жастар іс-шарасы өткізілген.
– Өңірде 21 мыңнан астам адам білім алатын 8 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Осыған байланысты жатақханаларда орындармен қамтамасыз ету мәселесі өткір болып тұр, оған 4 мыңнан астам студент мұқтаж. Осы мәселені шешу үшін «Тұңғыш Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» аясында облыста Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ жатақханасының құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 707,2 млн теңге. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылысты 2020 жылдың көктемінде аяқтау жоспарлануда, – дейді Марат Жұрқабаев.
Сондай-ақ, өзекті мәселелердің бірі жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.
Өткен жылы 618 жас тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының және бизнесті қолдаудың арқасында өз пәтерлеріне қоныстанған.
– Жастардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету маңызды бағыт болып табылады. Қостанай облысында «Жастар ел тірегі» жобасы, «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» жобалары бастау алған болатын. «Жас маман» жобасы бойынша 10 колледж тізімі бекітілді, оған 2 құзыреттілік орталығы, 4 салалық орталық, IT-технологиялар орталығы, 3 ауыл шаруашылық колледжі кірді. ЖОО арасында «Жас маман» жобасының қолдаушысы Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ болып табылады. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 900 адам оқуды аяқтады, оның ішінде 345 адам 223,3 млн теңге сомасында грант алды, 13 адам 48,8 млн теңге сомасында бизнесті дамытуға шағын несие алды, – дейді басқарма басшысы.
Өткен жылың 11 айындағы көрсеткіш бойынша «Еңбек» бағдарламасы бойынша 9 013 жас өкілі жұмыспен қамтылған.
– «Дипломмен ауылға» жобасы жастарды қолдаудың маңызды бағдарламасы болып қала береді. Жоба әрекет еткен жылдары 2009 жылдан бастап ауылдық жерлерге 5 043 маман келді, оның ішінде 4 057 – жастар, оларды қолдауға 6,1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Жастарды жұмыспен қамту бағыты бойынша ағымдағы жылдың сәуір айында ЖОО түлектері үшін облыстық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Түлектердің 81%-ті жұмысқа орналастырылды. Осындай жәрмеңкелер барлық ЖОО-да өткізілді. Сонымен қатар, 2019 жылы «Серпін-2050» бағдарламасының 552 түлегі жұмысқа орналастырылды, – дейді Марат Жұрқабаев.
Жазғы кезеңде жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету шараларының бірі «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтары болып табылады. Жастар еңбек жасақтарын қаржыландырудың жалпы сомасы 75,9 млн теңгені құраған. Орташа жалақы 52 мың теңге болды.
– Тұңғыш Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында облыстың 10 өңірінде құрылыс еңбек отрядтары ұйымдастырылды, онда 200-ден астам адам жұмыс істейді. «ЖасА» жобасы бойынша елді мекендерді дамыту мен абаттандыруға 13 жоба мақұлданып, әрқайсысы 610 мың теңге грант алды. «Зерен-2019» республикалық білім беру жазғы лагерінің қорытындысы бойынша қостанайлықтардың 3 жобасы әрқайсысы 1 млн теңге көлемінде гранттық қолдауға ие болды, – дейді Марат Кенжебекұлы.
Айта кетейік, жоғарыда аталған шаралардың барлығы NEET санатындағы жастар деңгейінің 4,7%-ға дейін төмендеуіне ықпал еткен. Бұл өңірлер бөлінісіндегі үздік көрсеткіштердің бірі. Сонымен қатар, жастар жұмыссыздық 3,7%-тен, 3,1%-ті құрады. Басқарма басшысы осы бағыттағы жұмыстар жалғасатынын айтты.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77