Новости Социум

«Жасыл ел» жастар еңбек отрядының жұмысы қыза түскен

Жалынды жастар қала тазалығына бір кісідей үлес қосуда

Елімізде 14 жыл қатарынан өз жұмысын жалғастырып келе жатқан «Жасыл ел» жастар еңбек отряды жылдан-жылға қарқын алуда.

Міне, маусым айының 3-нен өз жұмыстарына кіріскен жасыл елдіктердің жұмысы қыза түскен.

Қазіргі таңда мұнда барлығы 158 жас жұмысқа тартылған. Олардың барлығы бірдей «Жасыл ел» имиджіндегі киімдермен қамтамасыз етілген.

Шаһарымыздың барлық бөлігінде тазарту, аулаларды көгалдандыру, ағаштарды түзету, гүлдерді суару, көгалды қырқу, ағаштарды ақтау, сырлау сынды жұмыстарды жоғары деңгейде атқаратын студенттер екі кезеңде жұмыс жасайды.

Олардың жұмысы бірінші кезеңде таңғы сағат 8:00-де басталып, түскі 12:00-ге дейін жалғасады. Ал екінші кезеңдегілердің жұмыстары 14:00-ден 18:00-ге дейін. Осы уақыт ішінде жасыл елдіктер өздеріне тапсырылған жұмысты дер кезінде аяқтап, жаңа міндеттерге кіріседі.

Қостанай шаһарының ажарын ашып, көркейте түсуге бір кісідей атсалысып жатқан жастардың көздерінен жалын байқалады. Олар оқудан қолдары босағаннан кейін, жасыл елде еңбек етуге асығады.

Биылда осы отрядта жұмыс істесем дегендердің саны көп болған. Бірақ өкінішке орай, барлығын жұмыспен қамту мүмкін емес. Былтыр да жасыл елде еңбек етсем дегендердің саны аз болмаған. Өткен жылы мұнда 241 жас еңбек етіпті. Биыл да осы көрсеткіш сақталады.

Сондықтан әрдайым белсенділік танытып, өзінің міндетіне жауапкершілікпен қарайтын жастар ғана дер кезінде құжаттарын тапсырып, жұмыспен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар қазір жасыл ел қатарында еңбек етемін деушілерге мүмкіндік бар. Шілде айының 1-нен жұмысқа шығатын отрядқа студент жастар қабылданып жатыр.

Сондықтан өзінің ғұмыр кешіп жатқан шаһарының тазалығына өз үлесімді қосамын және өзімнің күнделікті қажетіме жарататын қаражат табамын деген жстарға есік ашық.

Дереу құжаттарыңызды рәсімдеп, «Жасыл ел» жастар еңбек отрядының Қостанай обылысы штабына тапсырыңыздар.

Біз де жасыл елдіктердің жұмысы басталғанын естіп, «Жасыл ел» жастар еңбек отрядының Қостанай облысы штабы қоғамдық қорының төрайымы Айнұр Ахменовамен арнайы жолығып, көкейімізде жүрген сауалдарымызға нақты жауап алдық.

Бүгінгі таңда жасыл елде жұмыс істеп жүрген жастар күнделікті жұмысқа қажетті киім-кешектермен, жұмыс қолғаптарымен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ жедел жәрдем және заң қызметкерлерінің көліктері оларға дер кезінде көмек көрсетуге дайын.

Мұнда жұмыс істеп жүрген жастардың да жалақысы былтырмен салыстырғанда жоғары. Олардың бір айлық табысы 60 000 теңгені құрап отыр. Бұл қаражат студенттердің бір керегіне жаратуға жетеді.

Ең бастысы мұнда еңбек еткен жастар әсем қаламыздың тазалығы қандай еңбекпен келетінін түсінеді. Сондықтан олар өзге де жұмысшылардың еңбегін бағалауды үйренеді.

«Жас келсе іске» демекші, еңбек етіп, жастайынан қаражат табуды мақсат еткен жастарға тек сәттілік тілейміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Фото – Владимир ФАЙЛЬ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77