Социум

«Жасыл ел» жастарды еңбекке баулиды

Мұнда олар қаламызды көгалдандырумен айналысады

Елімізде «Жасыл ел» жастар жасағы көп жылдар қатарынан жұмыс істеп келеді. Бүгінде жастардың басын қосып, еңбекке баулитын жасақтыҢ жұмысы дұрыс жолға қойылған.

Биыл да «Жасыл ел» құрамында 14 және 18 жас аралығындағы жас жеткіншектер жұмыс істеп, бір керегіне жарайтын қаражат тапты.

Міне, осындай талапты жандардың бірі – Камила Баймұхамбетова. Ол қаламыздағы №3 мектеп-гимназиясынның 9 сынып оқушысы. Биыл ол алғаш рет «Жасыл елде» жұмыс істепті.

«Жасыл ел» жасағындағы жастардың міндетіне ең алдымен қаланы көгалдандыру кіреді. Олар таңертеңгі 9-дан түскі 2-ге дейін шаһар көшелерінің бойындағы ақтау, сырлау, шөп жұлу, бұталарды кесу сынды жұмыстарды атқарған. Бір топта 40 жас еңбек етеді. Оларға «Жасыл ел» кеудешесі мен жаңбырда су болудан қорғайтын жамылғы тегін берілген.

– Біз қаламыздағы Уральская көшесінің бойын көгалдандырумен айналыстық. Көшенің бойын ақтап, сырладық. Ағаштардың бұталарын түзулеп кесіп, сәндедік. Шөп жұлдық. Маған жұмыс аса қиын болған жоқ. Сонымен қатан мұнда жұмыс істеген қатты ұнады. Өйткені, осында өзіме жаңа құрбылар таптым. Олармен жақсы дос болып араласып кеттім. Қасыңдағы достарыңмен әңгіме-дүкен құрып жүріп жұмыс істегенде уақыт тез өтіп кетеді екен, – дейді ол.

Баласының өзі талпынып, тиін тебен тапқанын қай ата-ана жек көрсін. Камила жұмыс істеп, адал еңбегімен тапқан 45 000 теңгесіне оқуға қажетті құрал-жабдықтарын сатып алыпты.
«Жасыл ел» жастар жасағында жұмыс істеген ұнаған ол келесі жылы да осында келіп жұмыс істеймін дейді.

«Еңбек түбі береке» демекші, еңбекке талпынған жастардың болашақта үлкен жетістіктерге жететіні белгілі.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77