«Жеңіс саябағы» да гүлденіп, көздің жауын алады
Жеңіс күні мерекесінеде санаулы күндер қалды. Уақыт тақаған сайын облыс орталығында тазалық жұмыстары қыза түскен. Бүгін орталық көшелердің бірінде келе жатып, күннің атысынан көше сыпырып, қоқыс жинап, жүрген арнайы қала тазалығына жауапты ұжымдардың жұмысшылары мен техникаларды байқадым.
Қатары сиреген ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілетін бұл мерекенің өмірімізде алар орны өте маңызды. Бұл мейрам қарсаңында, «Жеңіс саябағына» да ерекше назар аударылады. Жеңіс күні бір жағынан мейрам болғанымен толқынысты сәтте көптеген жанарларға жас үйіріледі.
Жылда шаһарымыз бұл мерекеге үлкен дайындықпен кіріседі. Биылғы әзірлік жоғары деңгейде. Әсіресе, «Жеңіс саябағы» тазалық жұмыстары ерекше қолға алынған.
Қаламыздың орталығындағы орналасқан аталмыш саябақтың осыдан бірнеше жылмен салыстырғанда көркейіп, әсемдене түскенін бірден байқайсың.
Ішіне кіріп аралаған жанға соғыс ардагерлерінің жеңісі жайында сыр шертеді. Ондағы ескерткіштер мен тақтайшаларға зер салсаңыз Ұлы Отан соғысы жайлы біраз мәлімет аласыз.
Ондағы көк желектер бір келкі қырқылып, түрлі-түсті гүлдер жайқалып, тас жолдар тегістеліп, барлық қоқыстар жиналған.
Осындай таза да әсем саябақта Жеңіс күні мерекесі аталып өтіледі.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77