Новости Спорт

Жеңіс күніне орай  жеңіл жүгіріс жарысы өтті

Қостанайлықтар бұл жарыста белсенділік танытты

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін жеңіл жүгіріс жарысы «Наш Костанай» газетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жарыс жеңімпаздарына қомақты жүлделер тағайындады. Жарысқа 500-ге жуық адам қатысты.

Жарыс басталар алдында қан майданда қаза тапқан майдангерлерге гүл шоқтары қойылып, тағзым жасалды. Жүгіріске қала тұрғындарының жас мөлшері жөнінен 15 жастан 70 жасқа дейінгілері ат салысты.

Желаяқтар 2,4 шақырым, 10 шақырым және ұзақ қашықтық 23 шақырымнан тұратын үш қашықтық бойынша жүгірді.

Сол күнгі күннің ыстығына қарамастан, жүгіріске қатысушылардың бірде-біреуі жарыста орта жолдан шығып кетпеді. Кішісінен үлкеніне дейін шыдамдылық танытып, аяқтап шықты.Жарыс жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен және дипломдармен марапатталды.

Сондай-ақ, 23 шақырым қашықтықта жүгіріп, алдыңғы үштікке іліккендер тұрмыстық техникалармен және ыдыс-аяқ құралдарына ие болды.  Жүгірісте 2,4 шақырымға жүгірген жасөспірімдер «ДЕП» фирмасының демеушілігімен таратылған балмұздақтарға ие болды. Сонымен қатар, жарысты аяқтап жүгіріп келген желаяқтардың баршасына «Voda» кәсіпкерлігі құтыдағы ауызсу таратты.

Байқау қорытындысы бойынша 23 шақырымдық жарыс жолынан, алдына жан салмай келген Александр Савгуровқа тоңазытқыш бұйырды.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген Абил Дощанов


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77