Апта басынан бері Қостанай қаласының тұрғындары Жеңіс саябағында құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын байқады. Бұл не жұмыс екенін білу үшін біз қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне хабарластық.
Бөлімнің мәліметінше, 2025 жылы қала саябақтарына күш жаттығуларына арналған құрылғылар мен балалар алаңдарын орнатуға байланысты келісімшарт жасалған. Жобаның жалпы құны 128,5 миллион теңге. Жұмысты орындаушы — Қостанай қаласындағы «FERT» өндірістік фирмасы ЖШС.
Жеңіс саябағында 6 күш жаттығу құрылғысы (үстінде күннен қорғайтын шатырмен), 4 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылады, қауіпсіздік үшін резеңке жабын төселеді.
Сондай-ақ, қолданыстағы воркаут алаңына жөндеу және сырлау жұмыстары жүргізіледі, футбол алаңының қоршауы ауыстырылады.
Бұдан бөлек, Гашек көшесіндегі саябақта жаңа балалар ойын алаңы, шағын сәулет нысандары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады, резеңке жабын төселеді.
Барлық жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін.
– Бұл жұмыстар қаламыздың қоғамдық демалыс орындарын жақсарту мақсатында жыл сайын жүзеге асырылатын абаттандыру бағдарламасы аясында жүргізілуде. Мақсатымыз – саябақтарды ересектер мен балалар үшін қолайлы әрі қауіпсіз ету. Жаңартылған инфрақұрылым қостанайлықтардың көңілінен шығады деп сенеміз, – дейді ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Куаныш Аманкулов.
Біз құрылыс барысын бақылап, саябақтардың қалай жаңарып жатқанын алдағы уақытта хабарлаймыз.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77