Костанайлық тұрғын жұмысқа орналасу кезінде туындаған мәселені айтып берді.
– Жаңа жұмысқа орналастым. Барлығы жақсы болып жатқан еді. Бір күні кадр бөлімінен хабарласып: “Сіздің еңбек кітапшаңызда және Kaspi қосымшасында ескі тегіңіз көрсетілген, ал жеке куәлігіңізде – жаңа тегіңіз. Тегіңізді ауыстырғаныңызды растайтын анықтама қажет”, – деді», – дейді ол.
Мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Некеге тұрғаннан кейін немесе басқа себептермен тегі ауысқан азаматтардың кей құжаттарында ескі деректер сақталып қалуы мүмкін. Мысалы, еңбек кітапшасында және банктік жүйелерде ескі тегіңіз, ал жеке куәлікте жаңасы көрсетілуі ықтимал.
Тегі өзгергенін растау үшін төмендегі құжаттардың бірі қажет:
• некеге тұру туралы куәлік (егер тегіңіз некеден кейін өзгерсе);
• некені тіркеу туралы анықтама (АХАТ бөлімінен алынады);
• тегін ауыстырғаны туралы анықтама (ХҚКО-да беріледі).
Біз 1414 байланыс орталығына хабарластық. Олар: көп жағдайда некеге тұру туралы куәлік жеткілікті, – деп жауап берді. Бірақ кей мекемелер ресми мөр қойылған анықтама сұрауы мүмкін. Мұндай жағдайда ХҚКО-дан немесе АХАТ бөлімінен анықтама алуға болады.
Сондай-ақ, Kaspi сияқты кей қосымшаларда тегі автоматты түрде өзгермейді – оны өзіңіз қосымша арқылы өзгертуіңіз немесе банкке барып жаңартуыңыз қажет. Жаңа жұмысқа орналасарда, мемлекеттік қызметтерді аларда немесе банкпен байланысты мәселелерде қиындық туындамас үшін, барлық құжаттарыңыз бен жүйелердегі деректердің сәйкестігін алдын ала тексеруге кеңес береміз.
Аяжан СЕРІК, суретті ЖИ жасады
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77