Егер тіркелмеген болса, көптеген келеңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін
Бүгінде адам бір күнін ұялы телефонсыз көз алдына елестете алмайтын күйге жеткен. Осы телефонға орнатылатын жеке нөмірді өз атына тіркеу елімізде науқанды жүріп жатыр.
Осыған орай жақында жеке нөмір міндетті түрде тіркелу керек деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында. Министрдің бұл жайға арнайы тоқталып отырғанында үлкен мән жатыр.
Қазақстандықтар телефон нөмірлерін міндетті түрде өз атына тіркегені дұрыс. Сондай-ақ бағдарлама барысында министр нөмір тіркелмеген жағдайда не болатынын түсіндірді.
Сонымен қатар телефон нөмірі ең алдымен тек бірнеше сан ғана емес әркімнің өзінің жекеменшік зат екеніне тоқталды. Сіздің телефон нөміріңізге қол жеткізген адам мемлекеттік қызметтерге, кассалық операциялар мен төлемдерге ие болады деген сөз. Бұл жерде тағы да жеке қауіпсіздік мәселесі де бар,-деп атап өтті ол.
Егер сіздің нөміріңіз басқа адамға тіркелген болса ол сіздің жеке мәліметтеріңізге қол жеткізу арқылы нөміріңізді өшіре алады, баланстан қаражатты алады және қоңырау мәліметтеріне қол жеткізе алады. Бұл дегеніміз бірінші кезекте сіздің алаяқтардан жапа шегіп қалатыныңызды ескертеді.
Міне, осындай келеңсіздіктер орын алмас үшін, қолданып жүрген телефон нөміріңізді арнайы уақыт бөліп, тіркетіңіз.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77