COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

113646

Выздоровевших

126860

Зарегистрированных случаев

4846

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1945

Летальных случаев

Культура Новости

Жерлестеріміз Ташкент қаласында өнер көрсетіп қайтты

Өзбек ағайындар олардың өнеріне тәнті болды

Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласының аясында І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының бір топ әртістері Ташкент қаласына барып өнер көрсетіп қайтты. Бұл Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай ұйымдастырылған жол сапар болатын.

Осы шығармашылық топтың ішінде 36 театр қызметкері болды. Олардың 30-ы әртістер. Ташкент қаласына табан тіреген өнерлі жерлестеріміз ондағы «Ханза» театрында өздерінің өнерін баршаның назарына ұсынды. 500 орындық театрға олардың өнерлерін  тамашалау мақсатында жиналғандардың санында шек болмаған.

Қазақ тілінде қойылған «Хан кене», «Мұңмен алысқан адам», «Әнім сен едің» спектакльдеріне жергілікті халық ерекше қызығушылық танытқан.

Екі күн қатарынан өзбек ағайындарының назарына ұсынылған  спектакльдер терең мағынасымен көрермендерді баурап алды. Жиналған қауым, әртістеріміздің өнеріне тәнті болып, дән риза екендерін білдірген.

Аталмыш театрдың бас әкімшісі Талғат Боранбаевтың айтуына қарағанда, бұл іс сапарға шығармашылық топ 2 ай көлемінде дайындалған. Мұнда өнер көрсеткен әртістердің қатарында Қонысбек Бекайдар, Әлімхан Мырзахан, Шара Мүсілова, Ажар Шәкіржанова сынды сахна майталмандары бар.

Ағайынды өзбек халқы өңірімізден барған шығармашылық ұжымды жылы қарсы алып, лайықты құрмет көрсетті.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77