Социум

Жеті бағыт бойынша жұмыс істейтін болады

Қалалар мен аудандардың бас иамамдары бас қосқан семинар өтті

Жақында Қостанай өңіріндегі барлық қалалар мен аудандардың бас имамдары облыстық мешітте бас қосып, семинар өткізді. Бұл жиында басты басымдық 2021 жылы атқарылар жұмыстар талқыланып, бағыт бағдар түсіндірілді. Атап айтқанда, үстіміздегі жылы ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз насихат, қайрымдылық, оқу ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие және Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс жүргізілетін болады.

Жиын соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты облыстық мешіттің найб имамы Бақытжан Икрам, қалалық «Жайлаубай ата» Ұзынкөл ауданы «Балықты» мешітінің Бас имамлары Шоқан қажы Ғазизұлы мен Есенгелді қажы Сақтағанұлы мерекелік медальдармен марапатталды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77