Біздің Қостанай

Жол ақысына электронды жүйе енгізілмек

Оны қала тұрғындары білуге тиіс

Қостанай автобустары жолақыны қабылдаудың электронды жүйесімен қамтылады. Әзірге мұндай құрылғылар қаладағы алты маршруттық көлікке сынақ ретінде орнатылды, деп хабарлайды alau.kz өз сайтында.

Бұл жөнінде пилоттық жобаға қатысу үшін үш маршрут: №3, 5 және 18 автобустар екеуден таңдап алынды. Валидаторлар жол жүру билетін «есептеуге» арналған.

«Олар сынақ режимінде сыналады. Карточкалар іске қосылып, оған виртуалды ақшалар жүктелді. Сол арқылы жолақы төленеді. Күн соңында олар қанша адамның мініп-түскені, қанша төлегені туралы ақпарат алады.

Сондай-ақ, жолаушылар бірнеше деңгейлерге бөлінеді, яғни кімге жолақының тегін, кімнің жеңілдігі бары көрсетіледі», – дейді Қостанай әкімдігінің ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор жетекшісі Нұралы Есіргепов.

Аталмыш жоба сынақтан өткізіліп болған соң, валидаторлар Қостанайдағы барлық маршруттарға орнатылмақ. Әзірше әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде жол жүру билетінің дизайны жасалуда.

Сонымен қатар бұл әртүрлі деңгейдегі жолаушыларға арнайы жасалады. Мысалы, балаларға арналғанын оларға мектепте үлестіріп береді, ересектерге билеттерді өздеріне сатып алуға болады және жеңілдігі бар жандарға әлеуметтік қорғау органдары арқылы берілетін болады.

Бұл электронды жүйе арқылы «Біз тасымалдаушылар кəсіпорындарының ашықтығын көреміз, жолаушылардың қозғалысын бақылап, олардың қаржылық қызметін қадағалай аламыз. Осы негізде тарифті көтеру немесе төмендету қажеттілігі айқын көрінетін болады», – дейді жауапты маман.

Осы ретте оқырмандардың назарына сала кететін бір жай, жол ақысын қолма-қол төлеу мүмкіндігі де сақталады. Бірақ жолақы билетін тұтыну әлдеқайда арзанырақ болады.

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77