2GIS навигаторы қалалық сапарды қауіпсіз әрі жайлы етеді. Қосымша жылдамдық шегінің өзгеруі мен жолдағы камералар туралы дер кезінде ескертіп, жүргізушілерге жол ережесін сақтауға және айыппұл алмауға көмектеседі.
Қалай жұмыс істейді
2GIS навигаторы жол белгілері мен қозғалыс ережелерін ескере отырып, автокөлік бағытын құрып, жүргізушіні сол бағытпен жүргізеді.Сондай-ақ алда орналасқан камералар немесе жылдамдық шегінен асқан жағдайда ескертеді. Навигатордың баптауларында ескерту шегін өзіңіз таңдай аласыз. Мысалы, 1 км/сағ, 5 км/сағ немесе 10 км/сағ деп орнатуға болады. Көлік жылдамдығы осы көрсетілген шектен асып кеткен сәтте, навигатор бірден хабарлайды.

Хабарламаларды қалай баптауға болады
- 2GIS қосымшасын ашып, бүйірлік мәзірге өтіңіз;
- «Баптаулар» → «Навигатор» бөлімін таңдаңыз;
- «Дыбыстар мен хабарламалар» бөлімінде «Жылдамдықты асыру» функциясын қосып, навигатор ескерту беретін шекті мәнді орнатыңыз.
Қосымша қауіпті жол бөлігіне немесе камераға жақындаған кезде, стандартты ескертуден бұрын дауыс арқылы хабарлайды.
Картадан камераларды қалай көруге болады
Камераларды көрсету функциясын қосу үшін бүйірлік мәзірді ашып, «Баптаулар» → «Навигатор» бөлімдеріне өтіңіз.
Ондағы «Жолдағы оқиғалар» бөлімінде «Жолдағы камералар» пунктін таңдаңыз.
Қаласаңыз, осы бөлімнен басқа жолдағы оқиғаларды да қоса аласыз — мысалы, апаттар, жөндеу жұмыстары немесе жолдың уақытша жабылуы.
Екінші жолы да бар: картаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы қабаттар белгішесін басыңыз, содан кейін «Жолдағы оқиғалар» қойындысын ашыңып, көргіңіз келетін белгілерді таңдаңыз. Осыдан кейін камералар мен таңдалған оқиғалар картада және навигация режимінде көрсетіледі.
Толығырақ білгіңіз келсе, оқиға белгішесін бассаңыз карточка ашылады. Онда ақпараттың өзектілігін растауға, мәліметті жоққа шығаруға немесе пікір қалдыруға болады.
Картаға жолдағы жағдайды қалай белгілеуге болады
Егер картада әлі белгіленбеген камераны, кептелісті немесе жолдың жабылғанын байқасаңыз — оны 2GIS-тегі жол оқиғасы белгісімен тез қосуға болады.
Пайдаланушылар мұндай ақпаратпен белсенді бөліседі, бұл жолдағы жағдайды жақсырақ бақылауға және дұрыс бағыт таңдауға көмектеседі.
Оны оңай қосуға болады:
- Камера тұрған жерді картадан тауып, сол нүктенің үстінен басып тұрыңыз;
- «Жолдағы оқиғаны» таңдаңыз;
- Оқиға түрін көрсетіңіз — оған қосымша мәтіндік түсініктеме немесе фото қоса аласыз.
Ақпарат расталғаннан кейін ол барлық пайдаланушыларда бірден немесе 15 минут ішінде пайда болады.

2GIS-тегі жылдамдық шегінен асу туралы ескерту мен жолдағы камераларды көрсету функциялары жүргізушілерге мұқият болуға, айыппұлдан сақтануға және жолда қауіпсіз жүруге көмектеседі.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77
