Қаржылық пирамидалар азаматтарға айтарлықтай қаржылық шығын келтіретін алаяқтықтың ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылады.
Күннен күнге алаяқтар алдаудың жаңа, күрделі тәсілдерін ойлап табуда. Осыған байланысты Реабилитациялық орталықта жаңа алаяқтық түрлерімен таныстыру мақсатында профилактикалық іс-шара өтті.
Қаржылық пирамида – ең қауіпті және ауқымды алаяқтықтардың бірі. Соңғы кездері азаматтарды пирамидалар құру арқылы алдау оқиғалары жиіледі. Сондықтан мамандар халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру іс-шараларын жиі өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл жолы олар Реабилитациялық орталықтың әлеуметтік қолдау орталығына барды.
– Біз қаржылық пирамидалармен күресу жұмысын жалғастырып келеміз. Әр апта сайын мектеп оқушылары, жоғары оқу орнының студенттері және еңбек ұжымдары үшін лекциялар өткіземіз. Осы іс-шаралар аясында біз алаяқтық және қаржылық пирамидаларға қатысты негізгі мәселелерді, олардың айрықша белгілері мен жұмыс істеу схемаларын талқылаймыз. Өкінішке орай, кез келген адам қаржылық пирамиданың құрбаны болуы мүмкін. Сол себепті біз халықтың қаржылық сауатын арттыруға басымдық береміз. Біз қаржылық пирамидалардың белгілері және өзіңізді, қаражатыңызды және жақындарыңызды қалай қорғау керектігі туралы айтып береміз. Алаяқтықпен күрестегі басты құралымыз – білім беру және ақпараттандыру, – дейді экономикалық тергеулер департаментінің екінші жедел басқармасының жедел уәкілі Әсемгүл Балжықаева.
Азаматтардың қауіпті схемаларды қалай тану керектігін және қаржылық мәселелерде саналы таңдау жасау маңыздылығын білуі өте маңызды. Әдетте қаржылық пирамида адамдарды жоғары және тез табыс табу уәдесімен қызықтырады. Алайда, шын мәнінде, негізгі пайда жаңа қатысушылардың салымдары есебінен алынады. Жаңа қатысушылардың ағымы тоқтаған кезде пирамида құлайды, ал барлық салынған қаражат жоқ болады. Бұл алаяқтардың құрбаны болған азаматтар үшін үлкен қаржылық шығындарға әкеледі.
– Қазіргі таңда алаяқтардың саны тым көбейіп кеткендіктен, қандай айла-шарғыға түспеу керек екенін білетін, хабардар адам болу өте маңызды деп ойлаймын, – дейді дәріске қатысушылардың бірі.
Қаржылық пирамидалар – ең қауіпті қаржылық алаяқтықтардың бірі екені құпия емес. Олар адамдарды жалған уәделермен, тез және жоғары табыс табуға шақырады, ал кейіннен құлдырап, өз қатысушыларын қаражатсыз қалдырады және көбіне қарызға батырады.
– Қазіргі банкроттық туралы заңнан кейін мен тыңдаушыларға алаяқтық схемалар туралы айтуды жоспарлап отырмын. Статистика бойынша, жыл сайын азаматтардың 30 пайызы алаяқтық схемалардың құрбаны болады, яғни бұл көрсеткіш жыл сайын 30 пайызға өсуде, – дейді қаржы сарапшысы Гүлсүн Абдуллина.
Алаяқтық схемалармен күресу – өзекті әрі маңызды міндет. Қостанай облысында заңсыз жобаларды анықтау және бұғаттау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Алайда, алаяқтардың құрбанына айналып жатқан жергілікті тұрғындар да баршылық. Осындай іс-шаралардың арқасында тұрғындар алаяқтардың жаңа айла-тәсілдері туралы ақпарат алып, әрдайым сақ бола алады.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77