Біздің Қостанай

Жылыту маусымы кезек күттірмейді

Жоспарланған жөндеу жұмыстарының бірқатары аяқталған

Қаламызда жылыту маусымына дайындық жұмыстары тыңғылықты.

Ағымдағы және келер 2019-2020 жылға «Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясы» МКК жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарына 206,948 млн теңге сомасында өзінің жеке қаржы ресурстарын бөлді.

Оның ішінде, инвестициялық бағдарламаға 75,268 млн теңге жұмсаса, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім негізіне 12,0 млн теңге қаражат бөліп отыр.

Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін жөндеу жұмыстарына 119,680 млн теңге көлемінде қаражат жіберген.
Былтырғы жылы беру маусымы аяқталғаннан кейін, жылу көздерінде бірқатар жабдықтар күрделі жөндеуден өтті.
Жылыту электрошақтары жөндеу көріп, БМ-35 бу қазандығы №1 станциясына ауаны автоматты реттейтін жаңа қыздырғыштар орнатылып, жаңа желдеткіштер мен түтін шығаратын қондырғылармен күрделі жөндеуден толық өтті.
Дәл осындай №2 БМ-35 бу қазандығымен, №4 ТП-65 бу қазандығыда ауаны автоматты түрде реттейтін жаңа қыздырғыштар орнатылып, жаңа желдеткіштер мен түтін шығаратын қондырғылармен күрделі жөндеуден өткізілді.
Ыстық су қазандықтары да жөндеу көріп, конвективті бөлігін ауыстыру жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, №4 қазандық, №8 қазандық, №10 қазандықтары дайын.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77