15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

Отбасы — бақыт мекені


Бүгін жарық дүниедегі ең жақын жандарымыздың төл мерекесі.

15 мамыр — халықаралық отбасы күні.

Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтілген.

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің болашақ қадамы. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет.

Осы шағын ғана мемлекетте ата-ананың орны қалай ерекше болса, сәбидің де алар орны маңызды. Бала үшін әкесі мен анасының мейірімінен асқан ештеңе жоқ.

Ал ата-ана үшін бала өмірінің мәні де сәні.

«Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген де нақыл сөз бар. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Бала артыңда қалар ұрпағың. Атыңның жалғасы. Елінің болағашы. Сондықтан отбасы күні қоғамда ерекше орын алады. Бұл күннің маңыздылығы зор.

Күнделікті күйбің тіршіліктің бір күнінде отбасы күнін атап өтудің өзі жанұя мүшелерінің бір-біріне деген құрметін, сыйластығын, сүйіспеншілігін арттырады.

Әрдайым отбасымыз аман, бауырымыз бүтін болсын.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись