Жаңа күнтізбе жарық көрді

Жаңа күнтізбе жарық көрді

Оның тағылымдық маңызы ерекше

Жақында Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі жылдағы дәстүр бойынша қазақ және орыс тілдерінде шығарылатын «Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегі» ақпараттық-анықтамалығын ұсынды. Биылғы шығарылым 45-ші мерейтойлық басылым болып табылады.

«Күнтізбенің» негізгі мақсаты — облыстың танымал тұлғалары мен оның тарихы, мәдениеті, экономикасы туралы ақпарат беру және біздің кітапханада бар ақпаратты оқырмандарға жеткізу.

Бұл көрсеткішке өлкеміздің атаулы тарихи оқиғалары, Қостанай өңірінен шыққан немесе біздің облыста қызмет атқарған атақты тұлғалардың мерейтойлары, мекемелер мен кәсіпорындардың және басқа да мерейтойлық даталар енгізілген.

Онда 2018 жылдың негізгі оқиғалары мен мерейтойлық күндері қамтылған. Келер жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заң қабылданғанына 25, Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып бекітілуі және Астана қаласы болып өзгертілгеніне 20, Қазақстан Республикасының астанасы күні бекітілгеніне 10, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілгеніне 25 жыл толмақ.

Өздеріңіз көріп отырғандай, алдағы жылы Елордамыз бен облыс аумағында маңызды даталар мен оқиғалар аз емес.

Әлия Сәлібаева, АБҚБ анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету секторының меңгерушісі

Редакция НК

оставить комментарий

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись