Правопорядок

Бала өмірі басты болуы қажет

Қаламызда жасөспірімдер құқықы толық қорғалады

Адам мемлекеттің басты байлығы саналады. Ол жайлы Ата Заңымызда нақты көрсетілген. Шынымен, еліміз үшін адамнан, оның бостандығы мен қауіпсіздігінен, денсаулығынан аса қымбат байлық жоқ.

Осы ретте балаға құқықтық тәрбие берудің мән-маңызы баланың жеке тұлғалық сипатын қалыптастыратыны сөзсіз. Қоғамдық ортада қатынас көзқарасын жетілдіреді. Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру барысын басты назарда ұстаған жөн.

Осы бағытта қаламыздағы Қостанай облысы Полиция депараменті қызметкерлері бірқатар жұмыстар атқаруда.

Жасөспірімдерді әлеуметтік желінің теріс әсерінен сақтау маңызды, оларға салауатты өмір салтын үйрету, спорт пен дене шынықтыруға талпындыру, ақпарат үрдісіне бейімделуге көмектесу қажет. Оларды теріс әсер етуші жағдайлардан сақтау үшін, өзіңді мысал ретінде көрсетіп, қоғамда дұрыс қалпыңды, салауатты өмір салтынды, отбасы және қоршаған ортадағы адамдармен тағы өзге жақсы қарым-қатынастарды көрсету қажет. Ең бастысы өз балаларыңызға сүйіспеншілік таныту маңызды болмақ.
Бүгінде жасөспірім жеткіншектердің көбі әлеуметтік желінің тұзағына іліккен деуге болады. Жастық уақыттарын зая кетіріп, бос уақытты тиімді жұмсамай өткізіп жатқандарын ұғындыра білу керек сияқты. Әлеуметтік деліге тәуелділігінен және оның теріс әсерінен сақтау үшін, олардың назарын басқа да сауықтыру істерге алмастырып, бірге әлеуметтік желісіз оларға уақыт бөлу қажет-ақ.

Бұдан бөлек, жас жеткіншектер арасында есірткіге, басқа да дүниелерге еліктеушіліктен туатын жағдайлар орын алып жататыны жасырын емес.

Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Рудный қаласында кәмелетке толмаған 17 жастағы жасөспірім заңсыз есірткі затын жарнамалаумен айналысқан, яғни тұрғын үйлердің, мекемелер ғимараты қабырғаларында және автобус аялдамаларында заңсыз есірткілерді сатып алу жөнінде электрондық мекен-жайларды жазып қалдырған. Осындай фактілерді болдырмау мақсатында міндетті түрде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық жөнінде жауапкершілік және шашақорлыққа қарсы үгіт насихат жұмысын жандандыру керек. Осындай жағдайларға қызығушылық тудырып, еліктейтін жастар табылып қауы әбден мүмкін.

Өңір бойынша Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2019 жылдың жеті айы ішінде нашақорлыққа қарсы 230 ісшара өткізген. Оның ішінде 23 акция, 19 семинар, 68 дәріс, 17 сайыс, 16 «дөңгелек үстел», 52 кездесу, 35 спроттық шара ұйымдастырған. Осындай істер тұрақты атқарылып тұрса, елірткі жарнамаын дағы басқа теріс пиғылды істерге тұсау болары анық.

Бұдан бөлек, аумағымызда Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлерінің басатуымен мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі саясат, дене тәрбиесі және спорт басқармалары, білім беру, үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық ұйымдарды тарумен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне арналып бірқатар шаралар өткізіген.
Ағымдағы жылдың маусымы аралығында ПД ЕҚҚІҚБ, ҚАПБ қызметкерлері Дене тәрбиесі және спорт бөлімімен бірлесіп облыстың 12 арнайы спорт мектептерінде «Спорт есірткіге қарсы!» деген ұранмен, оның ішінде «Футбол есірткіге қарсы!» спорттық ісшара шағын футбол турнирі өткіліген. Осындай шараларға жас өрендерді көптеп тару қажет.
Сондай-ақ, аула клубтарын қолдау мақсатында, Қостанай облысы үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп «МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН» атты ұранмен кең көлемді бірлескен шара өткізген. Бұл шараға 200-ден астам бала мен ересектер қатынасқан.

Шара барысында есіркі тұтынудың қауіптілігі жөнінде ақпараттандыру, оның ішінде синтетикалық түрлеріне, балалар және жастардың нашақорлыққа қарсы иммунитеттерін тұрақты қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері есірткі құқық бұзушылық жағдайын жазалау нәтижесіндегі заңнама туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізген.
Жасөспірімдердің мінез-құлқына теріс әсер етуші фактірлерді анықтау, балаға тәрбие беру әдісін белгілеу оңай емес. Бірақ, ата-анасының теріс әсер ететін мінез-құлқы олардың баланың өмірінде тәрбие беруден жалтаратын болса, осы балалардың өмір сүру салтына кері әсер беретіні анық. Осы мақсатта ювеналды полиция тобы қызметкерлерімен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, көше-панасыздықтың алдын алу жұмысы күнделікті, әрдайым сұхбаттар негізінде, дәрістер, дауласу, оларды «Полиция Жас көмекшісі» атты жасағына тарту, оларды спортқа өзгеде сауықтыруларға қызығушылығын ояту жұмыстары жүйелі жүргізіліп тұрады.

Балалар бос уақытын өздерін қызықтыратын ойын түрінде өткізу қажет. Егер бұл әлеуметтік желідегі бір ойын болса, онда ол пайдалы ма, сол жағын анықтап, кейін қадағалау қажет.
Ата-ананың рөлі бала өмірінде өте маңызды, соның ішінде құқықтық тәрбие беру өте маңызды орын алады. Бірақ, ата-аналардың құқық саласында білімінің аз болғандығы балаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Осыған орай құқық саласына аса көңіл бөлген өте орынды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті ұсынған ПД баспасөз қызметі


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77