Күнделікті тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Қоршаған ортаны күнделікті тазартып отырмаса, қоқыс қоршап алатыны белгілі. Шаһар келбетінің сәнділігі зәулім үйлермен, гүлзар-бақтармен, бұтасы мен ағашы, жайқалған ауласымен өлшенбейді. Көркейіп келе жатырған қаламыздың көркін кіргізіп, күн сайын тазалап отыру шарт.

Қостанай орталығының тазалығын тұрақты бақылауда ұстайтын «Таза Жол» ЖШС болып табылады. Мердігер ұйым орталық көшелермен алаңдарды ажарландыруға ат салысады. Көше жиектемелерін әктеу, электр желісі тартылған бағаналарды және көше бойындағы қоршауларды сырлау ұйым жұмысы болып табылады. Сонымен қатар шашылған қоқыстан арылтып, ағаш діңдерін ақтап, одан түскен жапырақтарды қоқыс жәшігіне күнделікті төгіп отырады.

Шаһар орталығының тазалығына «Таза Жол» ЖШС-і ұйымы 80-не астам жұмысшы жұмылдырып отыр. Жиналған қоқыстарды төгіп, көше жолдарын сыпырып отыруға да арнайы он екі ден аса техника жұмылдырылған.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись