Қала оқушыларының жазғы демалысы ұйымдастырылды

Жазғы кезеңде қаланың отыз жеті мектебінде үш бағыт бойынша 156 мектеп жанындағы алаң жұмысын бастайды. Балалардың жазғы бос уақытын тиімді ұйымдастыруға қосымша білім беру бағытындағы сегіз ұйым да кең мүмкіндік ұсынады.

Мектеп жанындағы алаңдарға 1-10 сыныптардың 29 846 оқушысы қатысады. Сондай-ақ жаз мезгілінде «Қауіпсіздік аумағы» үйірмесі өз жұмысын жалғастырмақ. Оның аясында мектеп қызметкерлері балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді, оның ішінде су айдындары маңындағы қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылады. Бұл әсіресе жазғы маусым қарсаңында өзекті.
– Өткен жылы алаң жұмысы барысында 7870 бала анықталды, оның ішінде 7301-і ересектердің ертуімен, 569-ы еріп жүрушісіз болған. Соның нәтижесінде 1 маусым мен 31 тамыз аралығындағы шомылу маусымында балалардың суға кету жағдайларына жол берілмеді. Әрқайсысымен тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Биылғы жылы қала мектептерінен жазғы кезеңде жүз елу екі қызметкерді жұмысқа тарту туралы өтініштер түсті. Олардың барлығы ерікті негізде жаз айларында алаң жұмысына қатысып, жалақы алады, – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева.
Білім беру ұйымдарының ерекше бақылауында есепте тұрған санаттағы балалар бар. Бүгінгі таңда қала бойынша құқық қорғау органдарының есебінде 224 кәмелетке толмаған жасөспірім тіркелген, оның ішінде қырық төрті  қала мектептерінің оқушылары.
Тағы 127 кәмелетке толмаған жасөспірім мектепішілік есепте тұр. Осылайша, есепте тұрған санатқа 171 бала жатады. Әрқайсысына прокуратура қызметкерлері, спортшылар мен педагогтер арасынан тәлімгерлер бекітілген. Сонымен қатар, қиын өмірлік жағдайдағы 665 бала (531 отбасы) ерекше бақылауда.
– Биылғы жылы мың жарым бала сауықтыру шараларымен қамтылады, оның ішінде: әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағы 300 бала Алтынсарин ауданындағы «Болашақ» қала сыртындағы лагерінде демалады. Бұл үшін жалпы 24 млн теңге бөлінді. Шамамен мың бала мектеп жанындағы лагерьлерде тегін ыстық тамақпен қамтылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар екі жүз бала ересектердің сүйемелдеуімен «Хатико» қала сыртындағы оңалту орталығында демалады, – деді Гүлсім Оразбаева.
Балаларды лагерьлерге апару және қайтару кезіндегі сүйемелдеу мен қауіпсіздік мәселелері Полиция департаментімен және Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылады. Осылайша, осы жылғы жазғы сауықтыру науқаны белгіленген мерзімде басталып, 1-10 сыныптардағы барлық оқушыларды, яғни отыз төрт мыңнан астам баланы қамтымақ.
Сералы Мырзабай, сурет ЖИ

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.