Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде он сотталған адам заңды некеге тұрды

Облыс орталығындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде сотталған азаматтардың әлеуметтік байланысын нығайту және отбасылық құндылықтарды қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы жұмыстардың нәтижесінде қазіргі таңда 10 сотталған азамат өздерінің таңдаған жұптарымен заңды түрде некесін қидырған. Некені тіркеу рәсімдері уәкілетті органдардың қатысуымен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өткізілген.

Қызметкерлердің айтуынша, отбасын құру сотталғандардың түзелу процесіне оң әсер етіп, олардың жауапкершілік сезімін арттыруға және болашаққа деген сенімін нығайтуға ықпал етпек. Сонымен қатар, мұндай қадамдар жазасын өтеушілердің қоғамға қайта бейімделуіне және бостандыққа шыққаннан кейін тұрақты өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Некеге тұрған сотталғандардың бірі өз пікірінде бұл оқиғаны өміріндегі маңызды кезең ретінде атап өтті.

— Бүгінгі күн мен үшін ерекше. Заңды некеге тұру арқылы мен өз отбасымның алдында жауапкершілігімді сезіндім. Болашақта бостандыққа шыққан соң, адал еңбек етіп, отбасымды бақытты етуге тырысамын, – деп атап өтті мекемеде шаңырақ көтерген сотталушының бірі.

Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.

Сералы Мырзабай
Сурет ЖИ

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.