Қостанай қашан да ыстық: Қонай тұрғындары

Аталмыш шағын ауданда облыс орталығының туған күндік іс-шарасы өтті

Бүгін басталған мерекелік іс-шара облыс орталығының бес шағын ауданын қамтыды. Аэропорт шағын ауданында “Мирас” мәдениет үйі өнерпаздарының әуені шырқалып жатса, Қонай шағын ауданына Балалар шығармашылық мектебінің өнерпаздары мың бұрала билеп, домбыра үнінің күмбірімен көрермендерге ыстық лебіздерін жолдап жатты.

Осы күні маңыздысы тұрғындардың көңіл-күйі еді. Іс-шараны тамашалауға келген тұрғындармен тілдестік.

 — Мен өзім Қостанайда тәуелсіздік алған кезден бері тұрамын, — дейді 99 жасқа жеткен Бағдай әже. — Қостанай қаласының осы жылдар ішінде қалай өсіп-өркендеп келе жатқанына өзім куәмін. Әрине, өте көңілге қонымды қазіргі көркі. Қашан да осылай көркее берсін, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.

Қонай шағын ауданына жиналған жұртшылық Балалар шығармашылығы мектебінің өнерпаздарына дән риза болды. Сахна сәні болған биші қыздар тек билеп қана қоймай, кішкентай көрермендерді де ортаға шығарып ойынға тартты.

— Қостанайдың туған күні — ортақ қуаныш. Біздің сүйікті қаламыз. Сондықтан бүгін ерекше көңілмен дарынды балаларымызды осы Қонай шағын ауданының тұрғындарына мерекелік көңіл сыйлауға арнайы алып келдік. Барлық қостанайлықтарға мереке құтты болсын!, — деп Балалар шығармашылық мектебі басшысының орынбасары Наталья Зубко да жылы лебіз білдірді.

 

Ұлту Жүзбай

Суретті түсірген автор

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.