«Қостанай жастары» бағдарламасы 4-ші жылдық қорытындысына жақын

Түскен 900 өтініштен 60-тан астам жас қала тұрғыны пәтерлі болды

Статистикаға сүйенсек, Қостанай қаласында 72 147 жастар тұрып жатыр. Солардың ішінде «Қостанай жастары» ипотекалық бағдарламасы арқылы төрт жылда, яғни бағдарлама іске қосылғалы, үйлі болғандар саны 400 шамасында. Жылдан жылға жастар арасында пәтерлі болғысы келетіндер саны артып келеді, алайда ипотеканың талабы қатал.

— 2025 жылға облыс бойынша 1 млрд теңге қаражат бөлінді. Қостанай қаласына берілген квота арқылы 60-тан астам адам өз пәтеріне қол жеткізді. Қазір өтініш білдіргендер тізімінде 4 адам бар. Сонымен бәлкім қорытындылап та қалармыз. Қанша адам талапқа сай өтетіні белгісіз. Оны қала әкімі аппаратында құрылған арнайы комиссия шешеді және «Отбасы банкі» міндеттемелеріне сай болуы керек, — дейді азаматтық қоғам және жастар ісі бойынша бөлім басшысы Әсем Онайбекова. — Көп жағдайда жастардың бұл бағдарлама арқылы үй ала алмауының себептері — бастарында несиенің болуы не несие тарихының нашарлығы.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылы бастау алған «Қостанай жастары» бағдарламасы 18 жастан 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына ипотека арқылы тұрғын үй алу үшін жасалған мүмкіндік. Бағдарлама талаптарынан сәтті өткен жастарға тиімді жылдық 5 пайызбен пәтерлі болуға болады. Ол үшін Қостанай қаласында бөлінетін қаражат 18 млн теңгеден, ал өзге аудан мен қалаларда 15 млн теңгеден аспауы тиіс. Алғашқы жарнасы 10 пайызды құрайды.

Ұлту ЖҮЗБАЙ
Фото «НК» мұрағатынан

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.