Облыстық кезеңге өңірдің әр ауданынан іріктелген 10-ға жуық үздік оқытушы қатысып, кәсіби біліктілігі мен жаңашыл әдістемелік ізденістерін ортаға салды.
Алғашқы кезеңде қатысушылар В2 деңгейі бойынша этнос өкілдерінен құралған сынама топпен жұмыс жүргізіп, ашық сабақ өткізді. Ұяшық таңдау әдісі арқылы сөйлеу әрекетінің төрт түрі – оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылымбағыттары қамтылды.
Екінші кезең «Қазақ тілі сабағында заманауитехнологияларды тиімді пайдалану» тақырыбына арналды. Бұл бөлімде оқытушылар ЖИмүмкіндіктерін, цифрлық платформалар мен инновациялық бағдарламаларды пайдаланаотырып, заманауи сабақ үлгілерін таныстырды.
Ал соңғы кезеңде қатысушылар «Менің жекежетістіктерім» тақырыбында өздерінің педагогикалық жолын, кәсіби жетістіктері мен шығармашылық ізденістерін қамтыған жекепортфолиоларын ұсынды.

– Бұл іс-шараның басты мақсаты – облыста тілдерді оқыту орталықтарында қызмет жасап жүрген оқытушыларымызға қолдау көрсету. Сонымен қатар олардың шығармашылық әлеуетін арттыру, заманауи технологияларды меңгеру деңгейін анықтау және озық педагогикалық тәжірибені насихаттау көзделеді. Осы байқауда бас жүлде алған жеңімпаз оқытушы республикалық кезеңге жолдама алады, – деді «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Тоты Аймағамбетова.
Байқау қорытындысы бойынша Федоров ауданынан Асылгүл Бакитжанова ІІІ орын иеленді. ІІ орын Қарабалық ауданынан қатысқан Алмабике Ескендироваға бұйырды. Ал І орын Сарыкөл ауданынан келген Айбек Құндақбаевқатабысталды. Бас жүлдені Жангелдин ауданынан Әсел Дүйсенбі жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайыдипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Облыстық байқау ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, қазақ тілін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.
Назгүл Азатқызы
Суреттерді «Тілдарын» облыстық
тілдерді оқыту орталығы ұсынды
