Қостанайда «Шығармашылық шеберханасы» атты тегін курс ашылмақ

Оған 15 жастан асқан жасөспірімдер қатыса алады

Бұл туралы «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК басшысы Дамир Қалқаев хабарлады. Оның айтуынша, шығармашылықты қолдау және дамытуға арналған бұл жоба өздерін өнерден іздеп жүрген жасөспірімдердің жолын ашпақ.

— Шығармашылыққа жақын жастарға тегін курс ашу жобасы сұраныстан туындап отыр. Көркемөнерпаздар мектебін бітіріп оқуға түсе алмай қалған дарынды жастар бар. Олар заң, экономика және т.б. салаларда жүр. Бірақ көңілдері өздерінің өнерлерін қалайды. Біздің мақсат сондай бойларында дарыны бар жастарды қолдау, — дейді Дамир Елтайұлы.

15 қыркүйекте ашылғалы жатқан кешкі тегін курсқа 15 жастан асқан өнерпаздар қатыса алады. Басты талап — шығармашылық фундаменттің болуы. Яғни, шығармашылық мектептің түлектері мен жоғары сынып оқушылары, өздігінен көркемөнермен айналысып жүрген балалар.

-Біз хабарландыруда «15 жастан асқан…» деп отырмыз. Алайда жастары одан төмен, бірақ өнерге бейім оқушылар болса да болады. Бастысы ниет, — дейді орталықтың көркемдік жетекшісі Зарина Букинова.

Жас өнерпаздарға арналған тегін кешкі «Шығармашылық шеберханасы» жобасы монументальды өнер, сәндік-қолтаңбалы өнер, баспа графикасы, академиялық кескіндеме сынды 4 бағытты қамтиды.

Ұлту Жүзбай, фото ИИ

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.