Қостанайда тұрғындар тыныштығы үшін жиырмаға жуық полиция пункті қызмет етеді

30-тамыз Конституция күнімен қатар құқыққорғау органдары саласындағы учаскелік полиция инспекторлары өз кәсіби мерекесін атап өтті

1992 жылдың 23 маусымында «Ішкі істер органдары туралы»Заңына енгізіліп, өз қызметін бастаған құқыққорғау мекемесінің аталмыш қызмет түрінің негізгі мақсаты тұрғындармен тікелей жұмыс және құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізу.

— Мен учаскелік инспектор ретінде жұмысымды 2015 жылы наурыз айында бастадым, — дейді Александр Головков. — Жұмысым өзіме ұнайды, себебі үнемі тұрғындармен тығыз байланыста, алғашқы құқықтық көмек бересің, қорғайсың. Полиция қызметкері болып жұмыс істеу — балалық арманым. Үнемі ауылда полиция қызметкерін көргенде қызығатынмын. 12 жылдан бері құқыққорғау саласында қызмет атқарып келемін. Учаскелік инспектордың жауапкершілігі өте үлкен, себебі үнемі тұрғындардың бірінші болып шағымдарын естисің. Істі соңына дейін жеткізу — міндет. Себебі халық саған сенім артады.

Белгілісі, қылмыс орын алған жерге жедел жететін ол учаскелік инспектор. Александр Головков атап өткендей, күйеу мен әйелді татуластыру, бұзақыларды тыныштандыру, жасөспірімдермен тәрбиелік жұмыстар жүргізу, алдын алу шаралары, қылмысты ескерту және ашу жұмыстары қаншама уақытты талап етеді. Оған сабыр мен шыдам аса қажет. Ал болашақта өмірін осы қызметке арнағысы келетін жастарға тәжірибелі инспектор басты қағида етіп адамгершілікті қойса деген кеңесін жолдады.

Қостанай қаласы бойынша әр шағын ауданда 15-тен аса учаскелік пункт жұмыс жасайды. Олар орналасқан аудандардың бөлігіне қарай «Заводской», «Железнодорожный», «Строительный», «Уральский», «Ақ-Су», «Южный», «Молодежный» және тағы да басқалар.

Ұлту ЖҮЗБАЙ, фото А. Головконың мұрағатынан

 

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.