Қостанайлық актер халықаралық байқауда үздік деп танылды

Қостанай облыстық қуыршақ театрының директоры Төленді Әлғожин Челябіде өткен «Соломенный жаворонок» фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» номинациясының жеңімпазы атанды.

17-21 қыркүйек аралығында халықаралық байқауда қостанайлық әртістер көрермен назарына «Записки сумашедшего» спектаклін ұсынды. Режиссері – грузиялық маман Николоз Сабашвили, басты рөлде – Төленді Әлғожин.

Айта кету керек, биыл бұл шығарманың тұсаукесері өтті, премьераның барлық күндері аншлагпен жүріп, жергілікті жұртшылықтың көңілінен шыққан болатын. Міне, бүгін өзге елде де өнер сүйер қауымның жоғары бағасын алуда.

— Байқау шарттары бойынша, соңғы 2 жыл ішінде сахналанған қойылыммен қатысу керек. Және де ересек көрермендерге арналған қуыршақ спектакльдерінің фестивалі болғандықтан осы шығарма таңдалды. Қазақстаннан қатысқан жалғыз біз болдық, жалпы бұл фестивальге қатысуға 83 театр өтінім беріпті, соның тек 11-і өтті. Осы  көрсеткіштің өзі ұжым үшін бір жетістіктің белгісі. Сондықтан бұл тек бір адамның марапаты емес, үлкен ұжым жасаған жұмыстың нәтижесі, – дейді театр басшысы.

Биылғы байқаудың ерекшелігі – үздіктерді әділ қазы алқасы емес, фестивальге қатысушылардың өздері бағалаған. Осылайша қостанайлық әртіс 11 театрдың 9 ұпайына ие болып, кәсіби ортаның жоғары бағасын иеленді.

— Фестиваль біз үшін тек сынға түсу сахнасы емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу алаңына айналды. Өзге әріптестеріміздің заманауи бағыттарымен танысып, шығарашылық байланыс орнатуға үлкен мүмкіндік берді, – деп атап өтті Төленді Олжабайұлы.

Қостанайлық әртістерді алда тағы бір халықаралық өнер додасы күтіп тұр. Ұжым оралғаннан кейін 20-25 қазан аралығында Алматыда өтетін IV халықаралық «Almaty Puppet Festival – 2026» фестиваліне дайындықты бастамақ.

 

Назгүл Азатқызы

 

Суретті Қостанай облыстық

қуыршақтар театры ұсынды

 

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.