COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

114821

Выздоровевших

128400

Зарегистрированных случаев

4975

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1990

Летальных случаев

Новости Социум

«100 нақты қадам»: Қоғамдық кеңес – Ұлт жоспарының нақты қадамының бірі

Қостанай облысының Өңірлік коммуникация қызметі алаңында Қоғамдық кеңес мүшелерінің брифингі өтті

Ондағы тақырып, «Естілетін мемлекеттің тұжырымдамасын іске асырудағы қоғамдық кеңестердің орны мен рөлі туралы» болды.

2015 жылғы 2 қарашада қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ұлттық жоспардың 99 қадамын іс жүзінде іске асыру аясында 2016 жылдың басында Қостанай облысында Қоғамдық кеңес құрылған болатын.

Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының отырысы өтіп, оның құрамына 25 адам енген болатын. Төрағасы болып мемлекеттік қызмет ардагері, ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Азамат Жанәбілұлы Тұрсынов сайланды.

– Заң жүзінде бекітілген қоғамдық бақылау құралдарына ие бола отырып, облыстың қоғамдық кеңесі өз отырыстарында қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерді жүйелі негізде көтереді, ал қажет болған жағдайда оларды алдын ала мониторингілеумен және қоғамдық пікірді зерделеумен қоғамдық тыңдаулар деңгейіне шығарады, – деді төраға Азамат Тұрсынов.

Қоғамдық кеңес өз жұмысын 2019 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді. 11 ай ішінде қоғамдық кеңестің 2 отырысы, 12 қоғамдық тыңдау, президиумның 29 отырысы өткізілді, 122 нормативтік-құқықтық акт қаралған.

– Қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері міндетті түрде облыстық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады, сессиялардың, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына мәселелерді дайындау жөніндегі жұмысқа тартылады. Сәуір айында облыстың қоғамдық кеңесі Қостанай қаласының қоғамдық кеңесімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, – деп атап өтті төраға.

Қараша айында Ресей Федерациясы Свердлов облысының қоғамдық палатасымен ынтымақтастықты дамыту бойынша Меморандумға қол қойылды. Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері өз еңбек ұжымдарында белсенді жұмыс жүргізіп, өңірдің қоғамдық өміріне қатысады.

Өз тілшіміз


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77