Бірыңғай 112 нөміріне келіп түскен қоңырау бұрын облыс орталығына жолданатын еді. Енді ақпаратты неғұрлым жедел беру үшін 112 операторларының қызметі облыс аудандарында жұмыс істейтін болады. Тест режимінде 18 нүкте жұмыс істейді
112 қызметі – кез келген жағдайда қолжетімді жалғыз желі.
– 112 нөміріне қоңырау түскен кезде телефон алғашында сіз қолданатын операторға сигнал жібереді. Егер қандай да бір себептермен байланыс жасау мүмкін болмаса, қоңырау қандай операторға тиесілі болса да, кез келген қолжетімді желіге жіберіледі. Осылайша, шұғыл нөмірге қоңырау шалу үшін сіздің операторыңыз жайлы мәлімет аса талап етілмейді, – деп атап өтті Қостанай облысы ТЖД.
112 нөміріне қоңырау шалу әрдайым тегін. Теріс баланс және басқа да қоңырау шалуға қаражат жетіспеушілігінің өзінде қолжетімді.
Тіпті роумингтен де қоңырау шалуға мүмкіндік бар.
Қостанай облысында 112 бірыңғай қоңырау қызметі облыс орталығында жұмыс істеді. Бүкіл аймақта оның 7 ғана қызмет көрсету желісі болды.
– Тәулігіне 1800-ге жуық қоңырау мен хабарлама келіп түседі. Тиісінше, Қостанай облысы ТЖД қызметкерлерінде бұл хабарламаларды жылдам өңдеуге мүмкіндік болмады. Осылайша облысымыздың қалалары мен аудан орталықтарында 112 шұғыл желісін орнату жөнінде шешім қабылданды. Қазіргі уақытта тестілік режимде істеп тұр, – деді ТЖД өкілі.
Облыстың 20 нүктесінен (16 аудан және 4 қала) әзірге 18 нүкте қосылған. Жұмыс жалғасып жатыр.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суретті түсірген Дарига АЙМУЛДИНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77