Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын келісті кешке, кітапхана жанындағы жастарға арналған «Толқын» және «Тұмар» үйірме мүшелері бастамашы болды
Ұлттық сипатта 15 сәуір «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» деген атпен ғашықтар күні ретінде мерекеленіп жүргеніне біраз болды. Әсіресе, қазақ жастары арасында кеңінен тойланады. Осы күнге орай ҚРТұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында, жастарға қолдау білдіруді басты назарға ала отырып, Н. Островский атыдағы орталық қалалық кітапхана «Қос жүректің лүпілі» атты поэтикалық керуен кешін өткізді.
Мерекелік іс-шара «Март» сауда, ойын-сауық орталығында өтті.Осы жолғы кеш барысы жастар жылына орай арнайы кескінделген. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын келісті кешке, кітапхана жанындағы жастарға арналған «Толқын» және «Тұмар» үйірме мүшелері бастамашы болды.
Концертте жиылған қонақтарға «Ғажайып көктем сыры» атауымен әдеби-музыкалық композиция ұсынды. Сондай-ақ, «Толқын» шығармашылық студиясының жас мүшелері жүректерін тебіренте жарып шыққан шығармаларын көрермендерге тарту етті.
Мерекелік концертте өнерлі жастар Отанға, туған жерге, ата-анаға, сүйген қызға, ғашық аруға сынды өлең-жырлар оқып, лирикалық әндер шырқады. Жігіттер жағы махаббат жайлы көнеден бүгінге жеткен аңыз әңіме айтты. Ал, іс-шарада халық ауыз әдебиетін дамыту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсаты көзделген.
Н. Островский кітапханасыныңмемлекеттік тілдегі әдебиеттер бөлімінің меңгерушісіДүйсембаева Ботакөз Әділбекқызы- Н. Островский қалалық кітапхана ұжымының атынан, «Толқын» шығармашылық студиясы мен «Тұмар» клубының өнерлі жастарының атынан осынау кешке жиылған барша қонақтарға үлкен алғыс бірдіреміз,- дейді.
Концертбағдарламасындағы «Махаббат бекеті» қойылымы көрермендерге ерекше ұнағаны байқалды. Жиналған көпшілік бірнеше жұптың өнеріне тәнті болып, қолпаштап отырды.
Қойылымнан соң ортаға екі жас жігіттің шығуы күтпеген жағдай еді. Еркін форматта жүргізген жүргізушілер кештің көрігін кіргізе түсті. Көрермендерді іс-шараға араластыру үшін әртүрлі ойындар ойнатты. Ойынның жеңімпаздарына және өнер көрсеткен жастарға бағалы сыйлықтар табыс етті.
Әуезді кеш барысында «Толқын» жас өнерпаздар студиясының жетекшісі Мешіт Ғазезұлы қос студия мүшелерінің баршасына, жасаған жұмыстарына орай бағалап, мадақтама қағазын табыс етті.
-Студияға жетекшілік етуімнің бір себебі «бұлақ көрсең көзін аш» деген баба сөзін ескеріп, жас жеткіншектердің шығармашылық кеңістіктерін кеңейту. Бар білгенімді үйретіп, шығармашылық өмірлерінен әрқайсысы өздерінің жолдарын тауып кетулеріне көмектесу, – дейді ол.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77