26 театр маусымы жабылды

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры кезекті маусымды қорытындылады.

26 театр маусымы жарқын шығармашылық оқиғаларға, гастрольдік сапарларға және премьераларға толы болды. Өнерлі ұжым өз көрермендерін репертуардың алуан түрлілігімен қуантып, жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді.

Биыл театрға 14 мың көрермен келіп, 104 қойылымды тамашалады. Сонымен қатар 7 жаңа спектакль сахналанып, театр репертуарын толықтырды.

— Бұл маусым – жаңа премьералар, жарқын кездесулер, шығармашылық ізденістер мен өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына толы кезең болды. Бізбен бірге болған әр көрерменге алғысымызды білдереміз. Жаңа маусымда жаңа қойылымдармен, тың идеялармен қайта қауышқанша, – деді театр директоры Асхат Зауатбек.

Маусымның соңғы оқиғасы дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасын әзіл арқылы жеткізе білген комедия –  «Келіндер көтерілісі» қойылымының көрсетілімі болды. Ал жаңа маусымда ұжым сахнаға тарихи қойылымдарды алып шығуды жоспарлауда.

Назгүл Азатқызы

 Суретті І.Омаров атындағы

қазақ драма театры ұсынды

 

 

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.