Кептелістер күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Сондықтан жолға шығар алдында көптеген адамдар 2ГИС геосервисіндегі жол жағдайын алдын ала тексереді. Оның көмегімен сіз маршрут құра аласыз, көлікті көре аласыз, қажет орынды таба аласыз және нақты уақытта жол жағдайын тексере аласыз.
Бірақ 2ГИС жол кептелісінің қайда екенін қалай түсінеді?
Бәрі оңай. Қызмет геолокациясы қосулы қаланы аралап жүрген пайдаланушылардан иесіздендірілген деректерді алады. Көліктер баяу қозғала ма? Демек ол жерде бірдеңе болып жатқанын білдіреді. Ағын тоқтап қалды ма? Кептеліс пайда болған шығар.
Жүйе жол ағымындағы қозғалыс жылдамдығын әдеттегімен салыстырады. Мысалы, егер даңғыл бойымен әдетте 60 км/сағ жүрсе, ал қазір ағын 10 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, картада кептеліс пайда болады.

Ал сервис алдағы жағдайды қалай болжап маршрут құрады?
Ол үшін 2ГИС болжауды қолданады. Жүйе кептеліс қай уақытта пайда болатынын, ағын азая бастағанын, апта күнін, ауа-райы немесе апаттар қалай әсер ететінін — жолдардың бұрын қалай әрекет еткенін талдайды. Қызмет өткендегі жол сценарийлеріне қарап, оларды қазіргі жағдаймен салыстырады. Мысалы, жұмыс күнінен кейінгі кішкене кептеліс 10-15 минуттан кейін шешілуі мүмкін. Бірақ апатқа байланысты үлкен кептелістің тез жойылуы екіталай.
Сондықтан маршрутты құру кезінде 2ГИС тек қазіргі жағдайды ғана емес, жақын уақыттағы болжамды да ескереді. Егер жүйе жол қозғалысы жақын арада қалпына келеді деп есептесе, навигатор осы учаске арқылы бағыттауы мүмкін. Ал кептеліс күрделі әрі тұрақты болса, айналма жолды ұсынады.
Жолдағы ағымдағы жағдайды нақты уақыт режимінде көру оңай: 2ГИС қосымшасының жоғарғы оң жақ бұрышында жолдардың жүктемесін 1-10-ға дейінгі шкала бойынша көрсететін виджет орналасқан. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, қала көшелеріндегі кептелістер соғұрлым көп болады. Қаланың қай бөліктерінде кептеліс пайда болғанын көру үшін виджетті басу жеткілікті: қозғалысы еркін жолдар жасыл түспен, жүктемесі жоғары жолдар сары түспен, ал кептелістер қызыл және қою қызыл түстермен белгіленеді.
Жолға шығарда бағытыңызды алдын ала ойластырыңыз. Қала картасын, ұйымдар анықтамалығын және навигаторды біріктіретін 2ГИС сізге тиімді маршрут таңдауға көмектеседі.
