Здравоохранение Новости

№4-ші емхананың ақ халаттылары сайлауға қолдау білдірді

Медицина саласының қызметкерлері  алдағы сайлау науқаның өтуін мерзімді  әрі  дұрыс шешім деп санайды

Қостанай қаласының № 4-ші емханасында ақ халатты абзал жандардың жиналысы өтті.  Жиын барысында  халық қалаулысы Гүлмира Қапенова  бұл салаға мемлекеттік жәрдемнің  жыл сайын тек артып келе жатқандығын айтты.

– Елде озық ем­деу-диагностика­лық ке­шендер, ме­дицинаның негізгі бағыт­тары, оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құ­рылды, көліктік ме­дицина дамы­тылуда. Ме­дициналық  автокөлік, медициналық авиация пайдала­ны­лады, – дейді  облыстық мәслихат депутаты.

Дәрігерлер кезектен тыс президенттік сайлау туралы шешім қабылдау өте маңызды әрі қажет қадам екендігін жақсы түсінеді. Мемлекет басшысының жасаған Үндеуін бір ауыздан қолдайтындықтарын жеткізді. Облыстық мәслихат депутаты алдағы сайлаудың ел өміріндегі маңызды, сондай-ақ ішкі және сыртқы саясатта іргеміздің мығымдылығын нығайту үшін сайлаудың алар орны зор екенін атап өтті.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығы, көреген саясаты мен стратегиясының арқасында жүзеге асып келді. Тұңғыш Президентіміздің осы игі істерін одан әрі жалғастырып отырған Қасым-Жомарт Кемелұлының таяу арада Президент сайлауын өткізуге шешім қабылдауы қазіргі таңдағы кезек күттірмес қадам болғанын түсініп отырмыз», – дейді Гүлмира Амангелдіқызы.

Айта кету керек, Елбасының жыл сайынғы «Жолдауында» берілген тапсырмаларына сәйкес,  ел бойынша ағымдағы жылы 10 мыңнан астам дәрігер мен 20 мыңнан аса медбикелердің жалақысы артады. Ол  үшін мемлекет қазынасынан қомақты қаражат қарастырылған.  Мемлекеттік жәрдемінің арқасында Қостанай қалалық № 4 –ші емхананың  материалдық – техникалық жағдайы алдағы жылдармен салыстырған едәуір жақсарды.  400-ге жуық қызметкері бар емдеу мекемесіне 80 мыңнан астам азамат тіркелген.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77