КСК ауданында жас өнерпаздар қала күнін әуенмен әрледі

Қостанай қаласының күніне арналған мерекелік шаралар шаһардың әр ауданында жалғасып жатыр

КСК ауданындағы бульварда Балалар музыка мектебінің оқушылары мен ұстаздары қала тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынды.

Мерекелік кеште жас өнерпаздар домбыра, қобыз, флейта сынды аспаптарда өнер көрсетіп, көрерменге әсем әуен сыйлады. Сонымен қатар жетіген және орыс халық аспаптары ансамблі де өз өнерлерін ортаға салды. Бірі дәстүрлі аспаптардың үнін ұсынса, енді бірі классикалық шығармаларды орындап, көрерменнің ықыласына бөленді.

– Концертке 60-қа жуық адам – ұстаздар, оқушылар және шығармашылық ұжымдар қатысты. Демалыс уақыты болғанына қарамастан, балалар концертке үлкен жауапкершілікпен дайындалды. Мектеп ұжымы үшін биылғы жыл да ерекше. Пушкин көшесіндегі негізгі ғимараттың ашылғанына 50 жыл толып отыр. Осыған орай музыка мектебі ауқымды концерттік бағдарлама әзірлеуде. КСК бульварындағы кеш – сол бағдарламаның бір бөлігі, – деп атап өтті Қостанай қалалық балалар музыка мектебінің директоры Гүлнара Кучикова.

Балалардың өнерін тамашалауға жиналған қала тұрғындары әр шығарманы ықыласпен тыңдап, жас музыканттарға қолдау білдірді. Мерекелік концертті қала тұрғындарымен бірге Қостанайға қонаққа келгендер де тамашалады. Солардың бірі – Науырзым ауданынан келген Шабдаровтар отбасы.

– Қалаға бүгін ғана қыдырып келген едік. Немерелерімізбен саябақта серуендеп жүріп, осындай әдемі кештің куәсі болдық. Саябақтың жайқалған көркі мен мерекелік көңіл-күй ерекше әсер қалдырды. Жас өнерпаздарға шығармашылық жетістіктер тілейміз, ал жергілікті тұрғындарды қала күнімен құттықтаймыз, – дейді қала қонақтары.

Назгүл Азатқызы, суретті түсірген автор

 

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.