Студент Степан Пранович дауыс беруге өзі жасаған жарыс көлігімен келді

ωНөмірі 41-ші дауыс беру учаскесіне келген сайлаушы студент, «Студент формуласы» инженерлік жобаның қатысушысы Степан Пранович жұртшылықтың назарын аудартты

Өз қолынан шыққан жарыс машинасымен учаскіге келген ол Құрылтай сайлауына қатысу азаматтық парызы екенін айтты.

— Мен инженерлік жобалардың қатысушысы ретінде және өз болашағымды осы елмен байланыстыратын азамат ретінде келешекті көп ойлаймын. Қазір «Көлік жабдықтарын тасымалдау» білім беру бағдарламасысының 3-ші курс студентімін. Бүгінгі сайлау — біздің болашағымыз. Ғылым мен түрлі техникаға мемлекет көбірек көңіл бөлсе деймін. Қазір біздің лаборатория жабдықтала бастады. Дегенмен жетілдірілген заманауи жабдықтар әлі де қажет. Ол керемет дүниелер жасап шығаруға зор мүмкіндік берер еді, — дейді Степан.

41-ші участок келушілерге осынысымен есінде қалса, келесі бір дауыс беру орнында жұртшылық «тәтті сайлаушы» көрінісіне куә болып жатты. Нөмірі 60-шы СУ-не «Баян Сұлу» кондитерлік өнімдерінің жанкүйелері арнайы кәмпиттер жабыстырылған костюмдерімен келіп дауыс берушілерге тәттілер таратты. Солардың бірі жас ұстаз Арабай Байтұрсынов.

— Мен бүгін тек дауыс беру үшін емес, мемлекетті алғашқы Құрылтай сайлауының бастамасында қолдау үшін осындай ерекше киіммен келдім. Біздің облыс қашан да алдыңғы қатарда, ал «Баян Сұлу» өнімі ел аумағынан тыс шетелге де танымал. Сондықтан әр адам келешек үшін таңдау жасап, сайлауға келсе деген ниет, — дейді Арабай Байтұрсынов.

Келесі бір СУ-сі нөмірі 57. Учаскі ашылғаннан екі сағат ішінде 200 адам дауыс беріпті. Ерекше белсенділік танытып жатқан қариялар. Іштерінде кәмелет жасқа толып дауыс беру құқығына ие болған 15 шақты жастар бар.

Тұңғыш Президенттің сайлауынан бастап Парламент Мәжілісінің барлық сайлау кезеңдерін, екі рет референдум мен бүгінгі Құрылтайға дейін үзбей комиссия мүшелігінде қызмет етіп келе жатқан Қамажай Өтемісова биыл 70-ке толыпты.

— Халық қазір өте сауатты. Көпжылдық тәжірибемнен айтсам, осы жолы үгіт-насихат әдеттегіден аздау болды. Дегенмен жұрт барлық ақпаратты әлеуметтік желіден оқып, партиялармен танысып, бағдарламаларын зерттеген. Бәрін біліп тұр. Мысалы, ертемен жастары 87 мен 86-ға жеткен бір отбасы келді. Бір ауыз сұрақ қоймастан өз таңдауларын жасады. Одан бөлек Ақмола облысынан қонаққа келген азаматтар сырттай дауыс беру құқығын пайдаланды. Сәл кешірек өтініш бойынша мүмкіндігі шектеулі үш сайлаушының үйіне шақыртылдық, — деді 70-тегі комиссия мүшесі Қамажай Өтемісова.

Ұлту Жүзбай, фото автордікі

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.