Құрылтай сайлауынан ҰОС ардагері Қасымқан Алдабергенов те тыс қалмады

Ел тарихындағы маңызды оқиғаға ғасыр құрдасы Қасымқан ата да ат салысты

Сайлау комиссиясының мүшелері ақсақалдың үйіне арнайы барып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырды. Ардагер ешқашан еліміздегі сайлаудан шет қалған емес, бұл күні де әдеттегідей өз таңдауын жасады.

 — Бүгін үйге арнайы келіп, дауыс беруіме мүмкіндік жасаған сайлау комиссиясының мүшелеріне алғыс айтамын. Елдің ертеңі үшін әрбір таңдау маңызды. Болашақ сендердікі, келешектерің жарқын болсын, – деп атай ізгі лебізін білдірді.

Жалпы №30 сайлау учаскесіне үйден дауыс беруге 4 өтініш түскен. Түрлі себептермен дауыс беру орнына келе алмаған әр тұрғынға өз азаматтық таңдауын белгілеуге мүмкіндік жасалды.

Сайлау комиссиясының төрағасы Людмила Дүйсекееваның айтуынша, барлығы бұл жерге 2299 адам тіркелген. Түске дейін олардың жартысынан астамы өз таңдауын жасап үлгеріпті. Сондай-ақ алғаш рет дауыс берген жас сайлаушылар мен туған күн иелері де назардан тыс қалмай, түрлі сыйлықтарға ие болды.

 

Назгүл Азатқызы

Суретті сайлау комисси

ясы ұсынды

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.