Қостанайда «Хроникадан болашаққа» атты республикалық кинолекторий өтеді

26-27 тамызда болатын шарада еліміздің елеулі кезеңдері таспаланған 4 деректі фильм көрсетіледі деп жоспарлануда

26-шы тамызда қостанайлықтарға «ЖОЛБАРЫС: ИЗ ТАЙГИ В СТЕПЬ» деректі фильмі, яғни елімізге тұран барысының оралуы жайлы және «СЕРТ», су тасқынын көрген адамдардың әсерлі оқиғалары туралы бейнетаспалар ұсынбақ. Екінші күні, бір адамның өмірі арқылы тұтас теңіздің тарихы суреттелген «ARAL» мен еліміздің туристік әлеуеті туралы «TRAVEL KAZAKHSTAN» киносы көрсетілмек. Ұсынылып отырған деректі фильмдер облыс басшылығының және мәдениет басқармасының қолдауымен «МАRT» СОО, «АРМАН 3D» кинотеатрларында өтеді. Кіру тегін.

— 21 мамырда елордамыздан бастау алған «Хроникадан болашаққа» атты республикалық кинолекторий 20 қаланы қамтиды деп жоспарланған. Ертең Қостанайда өтеді. Оған Деректі кино орталығының редакторы әрі сценарийлер авторы Мадина Арғын мен монтаж режиссері Асхат Тоқбаев қатысады. Бұл жерде келген көрермен тек кино көрмей, сеанс біткеннен соң қонақтармен арнайы жүздесіп, фильмдердің түсірілу тарихы мен өзге де қызықтырған сұрақтарына жауап ала алады, — дейді «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор  орталығы» КМҚК басшысы Дәмер Елтайұлы.

ҚР Президентінің телерадиокешенінің 30 жылдығы аясында іске асырылып отырған ауқымды ағартушылық республикалық жобаның мақсаты — көрермендерді Президенттің ТРК жеке продакшн-базасындағы үздік авторлық деректі фильмдерімен таныстырып, еліміздің қазіргі мемлекеттік және қоғамдық маңызды оқиғаларының бейне жылнамасын насихаттауға арналған.

Ұлту ЖҮЗБАЙ, фото бағдарлама афишасы

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.