№31 мемлекеттік тілдегі мектеп екінші жыл қатарынан 7 бірінші сынып ашып отыр

Облыс орталығында қазақша білім алатындар саны артуда

Биыл Қостанай қаласында мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндердің жалпы саны 3 637 құраса, соның ішінде қазақ сыныбына 1 105 бала бармақ. Статистикаға сүйенсек, облыс орталығында қазақ мектебі — 10, ондағы білім алушылар — 6 345. Жеті аралас мектепте 844 бала білім алуда. Жылдан жылға мемлекеттік тілде оқуға ниетті бүлдіршіндер саны артып келеді. Соңғы жылдары бой көтерген Аэропорт шағын ауданындағы №32 мектептің сыйымдылығы 900 орын болса, Береке шағын ауданындағы №31-ші мектеп 1200 балаға арналған. Соңғысы биыл 1-ші сыныпқа екінші рет 7 класс арнап отыр. 2025-2026 оқу жылында аталмыш мектепте 1-сыныпты 185 бала тәмамдаса, жаңа оқу жылына қабылданғандар саны бүгінгі күні 191-ге жетіп отыр.

— Мен білім басқармасында 20 жылдан бері қызмет етіп келемін. Бұрын қазақ сыныптарына сұраныс дәл бүгінгідей жоғары болған жоқ. Әрине, көрсеткіштің артып келе жатқанын тек мақтанышпен айта аламын. Мысалы, осы жылы №31 мемлекеттік тілде білім беретін мектептегі бала саны одан да жоғары. Ең жоғары көрсеткіш. Аэропорт шағын ауданындағы №32-ші мемлекеттік тілде ашылған мектепке алғашқы кезде бала санын қалай жеткіземіз деп ойлап едік, алайда қазір оқушылар саны артып отыр, — дейді Қостанай облысы Білім басқармасының мектепке дейінгі және орта жалпы білім беру бөлімінің басшысы Бағила Ибраева.

Жаңа оқу жылындағы жоспар бойынша облыста 10 500-дей бүлдіршін мектеп табалдырығын аттауы тиіс. Дегенмен құжат тапсыру 31-ші тамызға дейін жалғасатынын ескерсек, бұл жұмыс әлі жалғасады.

Ұлту ЖҮЗБАЙ
Суретті түсірген Әбіл ДОЩАНОВ

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.