«Осьминог» аквапаркі бірінші келушілерін қабылдады

Бүгін көптің назарындағы «Осьминог» аквапаркі қостанайлықтарға есігін айқара ашты

Тұсаукесер рәсімін Қостанайдың абыройын сырттағы додаларда ерекше қорғап жүрген мектеп оқушылары өткізді. Қонақтарға шашу шашылып, сазды әуендер айтылды.

Қызметке дайын аталмыш нысанға облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы келіп тұрғындарды құттықтады. Өз сөзінде облыс басшысы қалада соңғы кезде спорттық нысандар мен саябақтардың көптеп ашылып жатқанын және алдағы уақытта да ол жұмыстардың жалғасатынын тілге тиек етті.

— Бүгін көптен күткен аквапарк өз жұмысын бастауға дайын. «Осьминог» біздің қаламыздың көрікті нысандарының бірі болары айқын. Барлық облыс орталықтары осындай нысандарымен, жобаларымен мақтана алмайды. Біздің өңірде тек спорт саласында 3 жылда 30  астам нысан ашылды. Оның 19-ы денешынықтыру орталықтары, 8 жабық спортзалдар, 6 жабық хоккей орталықтары және тағы басқалар. Қостанайда облыста ең ірі спорт нысанының құрылысын бастадық. Сыйымдылығы 3000 адам болатын Спорт сарайы. Болашақта ол жерде тек спорттық шаралар емес, мәдени шаралар да өтеді. Сонымен қатар жекпе жек орталығы ашылып, мүмкіндігі шектеулі жастарға дене шынықтыру орталығының құрылысы басталады. КСК шағын ауданында Жекпе жек сарайы салынады. Қостанай тұрғындар үшін де, қонақтар үшін де ыңғайлы, жайлы, көзтартар көркем болуы тиіс, — деді өңір басшысы.

Алғашқы күні-ақ жүздеген адам аквапарктің ішіне ағылды. Бірі бассейндерді қызықтап жатса, екіншілері сырғанақ алаңдарын көруге асықты. Алдағы уақытта үзбей қалалықтар мен қонақтарға қызмет ететін демалыс орны ақысының бір сағаты 1800 теңгені құрайды. Күніне 500 адамға дейін қабылдауға дайын нысан келушілердің көзайымына айналатын орындарымен ерекше.

Ұлту ЖҮЗБАЙ,

суретті түсірген Әбіл ДОЩАНОВ   

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.