Қостанайлық жедел жәрдем мамандары Тараздағы республикалық жарыстан күміс жүлдемен оралды

Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының командасы Тараз қаласында өткен республикалық жарыста жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бағыты бойынша екінші орын иеленді. Ұлттық жедел медициналық көмек үйлестіру орталығы ұйымдастырған додаға Қазақстан өңірлері мен жақын шетелдерден барлығы 26 команда қатысқан.

Жарыс барысында медицина мамандары шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын сынасқан. Қатысушыларға түрлі күрделі тапсырмалар беріліп, олардың кәсіби білімі, шешім қабылдау жылдамдығы және командалық жұмысы бағаланған. Қостанайлық топты бастап барған команда капитаны Ернұр Биқатай жедел жәрдем қызметінде 10 жыл фельдшер қызметін атқарып келе жатқанын айтты.

— Сайыстың маңызды кезеңдерінің бірі — NRP алгоритмдері бойынша жаңа туған нәрестелерге реанимациялық көмек көрсету болды. Бұл бағыт медицина қызметкерлерінен жоғары дәлдікті, жылдам әрекет етуді және бригада мүшелерінің өзара үйлесімді жұмысын талап етеді. Қостанай облысының командасы жарыс тапсырмаларын сәтті орындап, кәсіби даярлығының жоғары деңгейін көрсетті. Нәтижесінде әріптестерімізбен екінші орынға ие болып, республикалық жарыстың күміс жүлдесін еншіледік, — дейді Ернұр Биқатай.

Әр сайыс кезеңіне 12 минуттан ғана уақыт бөлінген. Сол аралықта науқасты толық тексеріп, диагноз қойып, анализдерін алып үлгеру — шеберлік. Осы тұста қостанайлық жедел медициналық жәрдем мамандарының кәсіби дайындығы мен тәжірибесінің жоғары екені хақ.

— Тамыз айының 27-29 аралығында біздің ұжымнан қызметкерлер республикалық сайысқа қатысып жүлделі орынды иеленіп отыр. Өткен жылы біздің команда осы сайыстан үшінші орын алған еді. Медицина дәлдікті ұнататынын ескерсек, жеңісіміз үлкен жетістік. Жарты жыл бойы біздің команданы сайысқа дайындаған бапкердің де еңбегі зор. Командада болған үш фельдшердің де абыройлы оралғандары мақтаныш. Ол сайысқа елімізден ғана емес, шетелден де командалар тартылды. Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғыстан елдерінен әріптестеріміз бақ сынасты. Сондықтан қостанайлықтар үлкен жарыстан топ жарып отыр. Жалпы жедел жәрдем жұмысы жылдан жылға  жақсарып келеді. Сәтті реанимациялау бағытында ғана 2025-ші жылмен салыстырғанда биыл пайыздық мөлшерде 38 пайыздан 63,1 пайызға өсіп отыр, — дейді «Қостанай облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» КМК басшысының орынбасары Олег Мелешенко.

Ұлту ЖҮЗБАЙ

Суретті түсірген Нұржан СМАИЛОВ

 

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.