Қостанайда Кәсіподақтар күні аталып өтті

Бүгін, 7 қазанда облыс орталығында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиын барысында өңір кәсіподақтарының еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысы қорытындыланды.

Қостанай облысының Кәсіподақтар орталығы 85 мыңнан астам кәсіподақ мүшесін, 11 салалық кәсіподақтың аумақтық құрылымын және 850-ге жуық бастауыш ұйымды біріктіріп отыр. Еңбек құқықтарын қорғау бағытында айтулы нәтижелер бар. Соңғы бес жылда кәсіподақтардың қатысуымен қаралған 63 сот ісінің 47-сі оң шешіммен аяқталған. Сонымен қатар 26 медиациялық келісім жасалып, Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасы азаматтардың мыңға жуық өтінішін қарапты. Ұжымдастарын төл мерекесімен құттықтаған облыстық Кәсіподақ орталығының төрайымы Ирина Аронова ұйымның жұмыс күші көрсеткішінде емес, нақты жұмыскерлерге қорған бола алуында екеніне тоқталды.

— Кәсіподақ дамыған әлеуметтік серіктестік болмайынша қызметкерлерді нәтижелі қорғай алмайды. Мемлекет, жұмыскер және кәсіподақ үшеуі кез келген мәселеде бірігіп әрекет етуі тиіс. Себебі еңбек қауіпсіздігі басты орында. Елімізде жыл сайын 1300-ден астам өнеркәсіптік жарақаттар тіркелсе, оның 200-ге жуығы адам өлімімен аяқталып жатады. Әр санның артында адам тағдыры тұр. Біздің мақсат — жұмыс орны адам үшін қауіпсіз болуы қажет, — деді ол өз сөзінде.

Қазіргі таңда ресми ақпаратқа сәйкес, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 308 өндірістік кеңес пен 460 техникалық еңбек инспекторы жұмыс істейді. Бүгінге дейін олар 2381 тексеру мен зерттеу жүргізіп, анықталған заң бұзушылықтардың 99,6 пайызын жоюға ықпал еткен. Ирина Аронова атқарылып жатқан ауқымды шараларға қарамастан әлі де шешімін күткен мәселелердің бар екенін айтады және сол бағытта болашақта да жұмыстар жасалып, кәсіподақтық міндеттер атқарылатынын жеткізді.

Салтанатты іс-шара аясында кәсіподақ қозғалысына үлес қосқан белсенділер мен еңбек ұжымдарының өкілдері ҚР Кәсіподақтар федерациясының, министрлік пен облыс әкімінің марапаттарына ие болды. Сондай-ақ «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» және «Кәсіподақ контентінің көшбасшысы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Ұлту ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген автор

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.