Социум

Әлеуметтік қорғау: Кедергісіз орта – келешек кепілі

Өңірде 28 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар

Ерекше қажеттілігі бар жандардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Олардың жүріп-тұруларына, ортаның тең мүшесі ретінде өзі қалаған жерлеріне еш кедергісіз баруларына жағдай жасау қажет.

Ол үшін дүкендер мен ауруханаларда, әлеуметтік нысандарда пандустар, тұтқалар орнатылуы керек. Мүмкіндігі шектеулі жандардың ғимарат ішіне еш кедергісіз енулеріне жағдай жасалуы керек.

– Мүгедектерді белсенді өмірге тарту мақсатында өңірде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын осы бағытта 2 млрд теңге көлемінде ақша бөлінеді. Аймақтағы әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымның 88 пайызы кембағалы адамдар үшін қол жетімді. Былтыр, қосымша 179 әлеуметтік нысан бейімделді, 1335 жол белгілері мен дыбыстық белгі беру құрылғылары орнатылды, – деп атап өтті Еңбек, әлеуметтік қорғау көші-қон қызметі департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков.

Осы жағдайларды ескере келе департамент үнемі рейдтік шараларды жүргізіп тұрады екен. Өкінішке қарай, жаға ғимараттар бұл талаптарды сақтай бермейтін көрінеді, сол себепті де мүгедектердің нысанға енулері қиынға соғып жатады. Департамен өкілдері олқылықтың орнын жоюға септігін тигізеді.

Департамен басшысы кейбір ауруханалар мен денсаулық сақтау ғимараттарының 35 пайызында ғана қол жетімді екендігін айтады. Ал, 50 пайыз стадиондар мен спорт алаңдары қажетті жабдықпен қамтылса, мемлекеттік мекемелердің 74 пайызы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасап қойған.

– Біз кемшіліктерді жою үшін тиісті жұмыстар жасаймыз, ғимараттардың иелерімен сөйлесеміз, кейде оларды жауапқа тартуға мәжбүр боламыз. Бірақ біздің мақсатымыз айыппұл емес! Олар бұл ақшаны пандус немесе қажетті құрылғыны орнатуға бағыттағаны бізге тиімді, – деді ол.

Қазіргі таңда облыста 28 мыңннан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар екен, олардың 10 пайызға жуығы балалар.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77